Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    17
    Облыстар саны
    188
    Аудандар саны
    89
    Қалалар, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар саны
    29
    Кенттер саны
    2 169
    Ауылдық округтер саны
    6 256
    Ауылдар саны

    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында облыстардың саны 17, аудандар - 188, қалалар - 89, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар - 3, кенттер - 29, ауылдық округтер - 2 169, ауылдар - 6 256 құрайды

    Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп болса, ауылдық елді мекендердің саны ең көп - Түркістан облысында.

    2024 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері
    Аудандар Елді мекендер Әкім аппараты
    барлығы одан: қала-
    лардағы
    аудандар
    қалалар кенттер ауылдар кенттік округтік ауылдық
    барлығы одан: барлығы одан: бір ғана ДЕМ*-нен құрылған барлығы одан: бір ғана ДЕМ*-ненқұрылған
    Республикалық маңыздағы облыстық маңыздағы Облыстық маңыздағы аудандық маңыздағы
    Қазақстан Республикасы 188 18 4 89 38 48 29 6256 27 19 2169 499 97
    Абай 8 - - 4 2 2 2 327 2 2 134 38 -
    Ақмола 17 - - 11 3 8 5 589 5 4 192 19 33
    Ақтөбе 14 - 2 8 1 7 - 315 - - 133 30 1
    Алматы 9 - - 4 1 3 - 380 - - 133 33 -
    Атырау 7 - - 2 1 1 - 153 - - 67 23 -
    Батыс Қазақстан 12 - - 2 1 1 3 413 3 - 147 25 -
    Жамбыл 10 - - 4 1 3 - 367 - - 150 38 3
    Жетісу 8 - - 6 2 4 - 352 - - 113 15 -
    Қарағанды 9 - 2 8 6 2 8 342 7 7 151 54 5
    Қостанай 16 - - 6 4 2 3 492 3 2 156 28 36
    Қызылорда 7 - - 4 2 2 2 230 2 - 142 95 -
    Маңғыстау 5 - - 3 2 1 - 59 - - 34 24 12
    Павлодар 10 - - 3 3 - 3 352 3 3 119 14 4
    Солтүстік Қазақстан 13 - - 5 1 4 - 635 - - 186 20 -
    Түркістан 14 - - 7 3 4 - 822 - - 174 21 3
    Ұлытау 2 - - 3 3 - 2 72 2 1 33 11 -
    Шығыс Қазақстан 9 - - 6 2 4 1 356 - - 105 11 -
    Астана қаласы 5 5 - 1 - - - - - - - - -
    Алматы қаласы 8 8 - 1 - - - - - - - - -
    Шымкент қаласы 5 5 - 1 - - - - - - - - -
    Глоссарий

    Қазақстан Республикасының аумағы негізінен екi категорияға – аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.

    Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады.

    Елді мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi. Елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді.

    Қалалық елді мекендер – республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер.

    Ауылдық елді мекендер – олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер.

    Республикалық маңызы бар қалалар – ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер.

    Облыстық маңызы бар қалалар – iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер.

    Аудандық маңызы бар қалалар – аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер.

    Қаладағы аудан – халық саны 400 мың адамнан асқан облыстық маңыздағы, республикалық маңыздағы қалалар мен астанадағы аудан.

    Кенттер – кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады. Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады.

    Ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.


    Шығаруға жауапты:
    Департамент статистических регистров и классификаций
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 749543
    Орындаушы:
    А. Умирбаева
    Тел. +7 7172 749798
    E-mail: ak.umirbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші