Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    19136
    2023 жылғы қантар-қыркүйекте елге келгендер саны 19136 адам, елден кеткендер саны 12732 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 6404 адамды құрады
    74%
    2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 74%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 37,4%-ға азайды
    88%
    Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 88%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 78,1% құрады
    Халықтың халықаралық көші-қоны
    адам
    2023ж. қаңтар-қыркүйек
    Жеке этникалық топтар бойынша сыртқы көші-қонның құрылымы, жалпы санына пайызбен
    2023ж. қаңтар-қыркүйек
    Халықтың өңіраралық көші-қоны
    Көші-қон айырымы
    адам
    2023ж. қаңтар-қыркүйек

    Ел ішінде көшіп келушілер саны 26%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 3 өңірінде: Астана (35755 адам), Алматы (28136 адам), Шымкент (1394 адам) қалаларында көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

    Глоссарий

    Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіпкелген адамдар саны.

    Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.

    Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Республика өңірлеріне келгендер мен олардан кеткендер саны Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитетінен келіп түсетін халықты тұрғылықты жері бойынша есепке алған кезде толтырылатын келгендер мен кеткендердің статистикалық есеп талондарын әзірлеу нәтижесінде анықталады:
    келгендер саны (келу);
    кеткендер саны (кету);
    көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон

    Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Ж. Айдарбекова
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: zhu.aidarbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші