Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    17 293 адам
    2022 жылғы қантар-желтоқсанда елге келгендер саны 17 293 адам, елден кеткендер саны 24 239 адамды құрады. Көші-қон сальдосы- -6 946 адамды құрады.
    57,5%
    2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 57,5% - ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 24,7% - ға азайды.
    85,9%
    Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% құрады.
    Халықтың халықаралық көші-қоны
    адам
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Жеке этникалық топтар бойынша сыртқы көші-қонның құрылымы, жалпы санына пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Халықтың өңіраралық көші-қоны

    Ел ішінде көшіп келушілер саны 6,1% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларындажәне Алматы обласында (898 адам)халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

    Көші-қон айырымы
    адам
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Глоссарий

    Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіпкелген адамдар саны.

    Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.

    Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Республика өңірлеріне келгендер мен олардан кеткендер саны Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитетінен келіп түсетін халықты тұрғылықты жері бойынша есепке алған кезде толтырылатын келгендер мен кеткендердің статистикалық есеп талондарын әзірлеу нәтижесінде анықталады:
    келгендер саны (келу);
    кеткендер саны (кету);
    көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон

    Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Ж. Айдарбекова
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші