Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    19 766 807
    Барлық халық – 19 766 807 адам
    12 209 302
    Қалалық – 12 209 302 адам
    7 557 505
    Ауылдық – 7 557 505 адам
    9 647 701
    Ерлер – 9 647 701 адам
    10 119 106
    Әйелдер – 10 119 106 адам

    2023 жыл басына ұлттық құрамы:
    Қазақтар - 13 965 956 адам (70,7%)
    Орыстар - 3 000 611 адам (15,2%)
    Өзбектер - 643 363 адам (3,3%)

    2023 жыл басына жынысы және жер типі бойынша халық саны
    адам, пайызбен
    2023ж. басына
    Өңірлер бойынша халық саны
    мың адам
    2023ж. басына

    Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды (81,3%), Ұлытау (79,1%) және Ақтөбе (74,6%), ал ең аз үлесі Алматы (16,2%), Түркістан (24,5%) және Жамбыл (43,3%) облыстарында байқалды.

    Демографиялық жүктеме коэффициенттері
    еңбекке жарамды жастағы 1000 адамға
    2023ж. басына

    2023 жыл басына еңбекке жарамды жастағы халықтың 1000 адамына демографиялық жүктеме – 740,04 адам, оның ішінде еңбекке жарамды жастан төмен халық – 542,46 адам, еңбекке жарамды жастан асқан халық – 197,59 адам.

    Глоссарий

    Халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімінің (кемуінің) және көші-қон өсімінің (кемуінің) алгебралық сомасы;

    Халықтың көші – қон өсімі (кемуі) – белгілі бір кезеңде аймақ аумағына келгендер саны мен одан тыс жерлерге кеткендер саны арасындағы айырмашылық;

    Халықтың табиғи өсуі (азаюы) – тірі туылғандар саны мен белгілі бір кезеңдегі қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық.

    Халық саны – белгілі бір уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халық саны-қазіргі уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны. Жыл басындағы ағымдағы бағалар соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеледі, оған жыл сайын осы аумаққа туғандар мен тұрақты тұруға келгендердің саны қосылады және осы аумақтан қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткендердің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағалары кезекті санақ қорытындылары негізінде нақтыланады.

    Халықтың жалпы санын есептеу тұтастай алғанда Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері (қалалық қоныстар, қалалық аудандар, әкімшілік аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеулерде жекелеген аумақтардың шекараларының өзгеруі нәтижесінде халық санының ұлғаюы немесе қысқаруы, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қала және ауыл халқы санының өзгеруі ескеріледі.

    Халық саны қалалық және ауылдық тұрғындарға бөлінеді. Қала халқы-қалалық елді мекендерде тұратын халық. Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер жатады. Ауыл халқы-ауылдық жерлерде тұратын халық. Қалалық ретінде жіктелмеген елді мекендер ауылдық болып саналады.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    К. Рысбаев
    Тел. +7 7172 749343
    E-mail:k.rysbaev@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел данғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші