Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Негізгі

    2023/2024 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында жоғары ғылыми білікті кадрларды даярлау 105 магистранттарды даярлау ұйымдарында, 75 докторанттарды даярлау ұйымдарында және 18 резидентура тыңдаушыларында жүзеге асырылады.

    Магистранттардың жалпы саны 36491 адамды құрайды, оның ішінде 20966 адам немесе 57,5% - әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 19278 адам немесе магистранттардың жалпы санының 52,8% оқиды, ақылы білім беру қызметін 15487 адам немесе 42,4% алады.

    Резидент-дәрігерлердің жалпы саны 7437 адамды құрайды, оның ішінде 4592 адам немесе 61,7% - әйелдер. Есепті жылы резидентураға қабылданған дәрігерлер саны 3666 адамды құрады, бітірушілер саны - 2182 адам.

    Докторанттардың жалпы саны 5966 адамды құрайды, оның ішінде 3712 адам немесе 62,2% - әйелдер. Докторанттардың ең көп саны Алматы қаласында – 2729 адам (45,7%), Астана қаласында – 1797 адам (30,1%), Қарағанды облысында – 372 адам (6,2%).

    Бейінді бағыт бойынша докторанттар саны 233 адамды және философия докторанттары (PhD) - 5733 адамды құрайды.

    Динамика
    Оқу орындарының саны, бірлік
    2021 2022 2023
    Барлығы 102 105 105
    Мемлекеттік меншік 24 27 43
    Жеке меншік 77 76 60
    Шет меншігі 1 2 2

    Білім алушылар саны, адам
    2023/2024 оқу жылының басына
    Глоссарий

    Магистратура – білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

    Резидентура – мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі.

    Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

    Ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер.

    Бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Статистикалық релизде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2023-2024 оқу жылының басына негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат ұсынылған.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында жүзеге асырылады.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжигитов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А. Мизинбаева
    Тел. +7 7172 749258
    E-mail: a.mizinbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші