Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    1 586 985,6 млн.
    2023 жылғы ІV тоқсанда Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарымен қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 1586985,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде 85,4% бюджет есебінен, 11,1% - халықтан түскен қаражат есебінен, 2,7% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    868 357,2 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі және жалпы орта білім саласында қалыптасты, олардың көлемі 868357,2 млн. теңге немесе қызметтердің жалпы көлемінен 54,7%, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында – 224666,9 млн. теңге (14,1%), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында – 217072,1 млн. теңге (13,7%) құрады.
    15 536,6 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін қосалқы білім беру қызметтері бойынша 15536,6 млн. теңге сомасында, көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау мектептерінің қызметі көрсететін ұйымдар 884,1 млн. теңге сомасындаі және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар 66,6 млн. теңге сомасында қызмет көрсетті.
    77,3%
    2023 жылғы ІV тоқсандағы қорытындысы бойынша қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 77,3% мемлекеттік меншік ұйымдары, 22,1% жеке меншік ұйымдары және 0,6% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    718 123,7 млн.
    Есепті кезеңде қызметтің негізгі түрі бойынша шағын кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 718123,7 млн. теңгені (45,3%), орта кәсіпорындар – 574057,5 млн. теңгені (36,2%) және ірі кәсіпорындар – 294804,5 млн. теңгені (18,5%) құрады.
    32 263,0 млн.
    Интернет желісі арқылы ұсынылатын білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің көлемі 32263,0 млн.теңгені құрады.
    Динамика
    мың теңге
    IV тоқсан 2022 I тоқсан 2023 II тоқсан 2023 ІII тоқсан 2023 ІV тоқсан 2023
    Қызмет негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер, барлығы 1 275 381 073 1 183 571 427 1 512 131 377 1 110 181 630 1 586 985 648
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтер 166 581 176 163 746 436 185 093 757 170 562 975 217 072 085
    Бастауыш білім беру саласындағы қызметтер 19 984 845 20 963 661 20 300 988 13 608 272 28 120 664
    Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер 708 392 424 698 412 850 957 393 576 641 020 807 868 357 179
    Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласындағы қызметтер 86 800 510 79 677 248 103 095 959 65 496 474 114 012 129
    Орта білімнен кейінгі білім беру қызметтері 68 098 63 508 88 178 28 760 66 663
    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметтер 176 216 942 127 929 585 132 792 165 122 134 979 224 666 922
    Спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастыратын мамандарды оқыту саласындағы қызметтер 29 664 208 30 980 069 37 576 522 32 176 015 39 334 381
    Мәдениет аясында білім беру саласындағы қызметтер 16 271 742 17 060 220 23 709 054 14 393 345 19 351 339
    Жүргізушілерді дайындау мектептерінің қызметтері 1 257 739 423 762 455 714 470 276 884 076
    басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де білім беру саласындағы қызметтер 56 728 776 31 420 770 42 563 397 40 475 112 59 583 434
    Қосалқы білім беру қызметтері 13 414 614 9 640 271 9 062 067 9 814 615 15 536 776
    Қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемі (КПВЕД бөлінісінде, пайызбен)
    2023 жылғы IV тоқсан

    КПВЭД*-Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Қызмет көрсету – адамның немесе тұтастай қоғамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

    Қызметтің негізгі түрі – қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі - үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Релизде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі білім беру саласындағы ұйымдардың, білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Интернет арқылы ұсынылатын қызметтер – бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім деңгейлері бойынша оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, білім беру ұйымының сайтын әзірлеу және жүргізу, оқушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті өзара іс-қимыл нысандарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернет қолдану негізінде оқу үдерісіне әкімшілік ету бойынша қызметтер.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Д. Мухангалиева
    Тел. +7 7172 749374
    E-mail: D.Mukhangalieva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г.Астана
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министрліктер үйі, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші