53,4%
Студенттердің жалпы саны 578,2 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 53,4%.
163,5 мың
Ағымдағы оқу жылында қабылданған студенттер саны 163,5 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 52,7%.
71,5 мың
Өткен оқу жылында қабылданған студенттер саны 71,5 мың студент келіп, 68 мың студент шығып, 162 мың адам оқуды бітірді.
98,5 %
Студенттердің жалпы санының 98,5% күндізгі, 0,8% сырттай және 0,7% кешкі нысанда оқиды. +
Жасы бойынша жоғары білім беру ұйымдарындағы студенттер саны
Оқу жылының басына, адам
Мемлекеттік жоғары білім ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 22,1%, жеке меншік ұйымдарында 77,2% құрады.
Қабылдау квотасы бойынша жоғары білім ұйымдарында 64,3 мың адам оқып жүр, олардың ішінде 34,4 мың адам – ауылдық (селолық) жастар қатарындағы студенттер, 2,6 мың адам – Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ студенттері және 2,4 мың адам жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер
Өңірлер бойынша студенттер саны
оқу жылының басына, мың адам
Түскен суденттердің жалпы санынан 68,6% жалпы орта білім базасында, 20,2%техникалық және кәсіптік білім базасында және 11,2% жоғары білім базаснда қабылданды.
Мамандық бойынша студенттердің үлесі
оқу жылының басына, пайызбен
Курстары мен қаржылардыру түрлері бойынша студенттердң үлесі
оқу жылының басына, пайызбен
Басқа қалалардан келген студенттердің жалпы саны 295,1 мың адамды құрады. Жатақханаға мұқтаж студенттер саны 118,1 мың адамды құрады, оның ішінде 73,1 мың студент жатақханада тұрады.
2022-2023 оқу жылының басында республиканың жоғары білім беру ұйымдарыңда 36404 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 2656 адам (7,3%) ғылым докторы, 10456 адам (28,7%) ғылым кандидаттары, 2218 адам (6,1%) профессор және 4697 адамда (12,9%) доцент атақтары бар. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар оқытушылар саны 3732 адам (10,3%), бейіні бойынша доктор – 271 адамды (0,7%), магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылар саны – 14256 адамды (39,2%) құрады.
2022-2023 оқу жылының басында Қазақстан респбликасында жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының саны 116 ұйымды құрады.
Меншік нысаны
78 университет, оның ішінде зерттеу;
14 академия;
13 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, жоғары мектептер және жоғары училищелер;
9 ұлттық жоғары оқу орындарының мекемелері;
2 ұлттық зерттеу университеттері.
Жоғары білім беру ұйымдарының саны
2021-2022 оқу жылының басына, бірлік
Электронды кестелер
Жоғары білім беру көрсеткіштерінің динамикасы
Соңғы 5 жыл ішінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың саны 6,4% қысқарды.
2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда студенттер саны 14,2% өсті, алайда 2021 жылдан бастап көрсеткіштің төмендеуі байқалады.
Студенттер саны және жоғары білім беру ұйымдарының саны
оқу жылының басына, бірлік
2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда жеке меншік оқу орындарында студенттердің саны 185,3 мың адамға немесе 58,6%, шетелдік меншік ұйымдарында 23,4% өсті. Мемлекеттік мекемелерде 6 жыл ішінде бұл көрсеткіш 55,2% төмендеді.
Келген елдері бойынша жоғары оқу орындарындағы студенттер саны
Оқу жылының басына, адам
Барлығы
496 209
542 458
604 345
576 557
575 511
Қазақстан
482 311
520 731
564 787
547 488
547 317
Өзбекстан
3 683
9 500
25 964
15 642
14 404
Үнді
3 500
3717
4450
4220
5 987
Түрікмен
1 320
2 615
3 176
2 795
2 795
Ресей Федерация
1 075
1 273
1 247
1 298
1 263
Моңғолия
439
565
888
1128
1010
Қытай
1290
1240
807
871
811
Қырғызстан
1 026
1 026
1 026
1 067
659
Иордания
60
62
228
515
546
Басқа мемлекеттер
1 505
1 671
1 683
1 533
1 462
Қаржыландыру түрлері бойынша студенттер үлесі
Оқу жылының басына, пайызбен
-
Бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
-
Бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
-
Қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
-
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орындары.
Әдістемелік түсіндірмелер
Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқыту және (немесе) онлайн оқыту және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұлттық ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының негізгі түрлері болып табылады.
Жоғары білім беру ұйымдарында сәйкес лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ, мадениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.
Жоғары білім беру бағдарламасын игеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «бакалавр» дәрежесі беріледі немесе «маман» біліктілігі беріледі.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру және жоғары білім беру ұйымдарына ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу үшінинновациялық білім беру консорциумдарын құруға және (немесе) оларға кіруге құқылы.