Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    1 110 181,6 млн.
    2023 жылғы ІІI тоқсанда Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарымен, негізгі қызмет бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 1110181,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде 87,8% бюджет есебінен, 10% - халықтан түскен қаражат есебінен, 2,1% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    641 020,8 млн.
    Қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі қызмет бойынша негізгі және жалпы орта білім саласындағы қызметтер алады, олардың көлемі 641020,8 млн. теңге немесе қызметтердің жалпы көлемінен 57,7%, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында – 170563 млн. теңге (15,4%), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында – 122134 млн. теңге (11%).
    9 814,6 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін қосалқы білім беру қызметтері бойынша 9814,6 млн. теңге сомасында, көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау мектептерінің қызметі көрсететін ұйымдар 470,3 млн. теңге сомасында сомасында қызмет көрсетті және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар 28,8 млн. теңге.
    82,1%
    2023 жылғы ІІI тоқсандағы қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 82,1% мемлекеттік меншік ұйымдары, 17,5% жеке меншік ұйымдары және 0,4% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    526 663,4 млн.
    Есепті кезеңде негізгі қызмет түрі бойынша шағын кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 526663,4 млн. теңгені (47,4%), орта кәсіпорындар – 415018,7 млн. теңгені (37,4%) және ірі кәсіпорындар – 168498,7 млн. теңгені (15,2%) құрады.
    22 949,2 млн.
    Интернет желісі арқылы ұсынылатын білім беру ұйымдардың көрсетілген қызметтердің көлемі 22949,2 млн.теңгені құрады.
    Динамика
    мың теңге
    III тоқсан 2022 IV тоқсан 2022 I тоқсан 2023 II тоқсан 2023 ІII тоқсан 2023
    Негізгі қызмет түрлерімен көрсетілген қызметтер, барлығы 949 833 531 1 275 381 073 1 183 571 427 1 512 131 377 1 110 181 630
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтер 144 230 772 166 581 176 163 746 436 185 093 757 170 562 975
    Бастауыш білім беру саласындағы қызметтер 9 796 687 19 984 845 20 963 661 20 300 988 13 608 272
    Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер 541 739 788 708 392 424 698 412 850 957 393 576 641 020 807
    Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласындағы қызметтер 57 764 222 86 800 510 79 677 248 103 095 959 65 496 474
    Орта білімнен кейінгі білім беру қызметтері 15 223 68 098 63 508 88 178 28 760
    жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметтер 109 601 920 176 216 942 127 929 585 132 792 165 122 134 979
    спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастыратын мамандарды оқыту саласындағы қызметтер 24 482 374 29 664 208 30 980 069 37 576 522 32 176 015
    мәдениет аясында білім беру саласындағы қызметтер 12 571 308 16 271 742 17 060 220 23 709 054 14 393 345
    жүргізушілерді дайындау мектептерінің қызметтері 685 640 1 257 739 423 762 455 714 470 276
    басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де білім беру саласындағы қызметтер 39 454 292 56 728 776 31 420 770 42 563 397 40 475 112
    Қосалқы білім беру қызметтері 9 491 305 13 414 614 9 640 271 9 062 067 9 814 615
    Объем оказанных услуг по основному виду деятельности (КПВЕД бөлінісінде, пайызбен)
    2023ж. IІІ тоқсандағы

    КПВЭД*-Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Қызмет көрсету – адамның немесе тұтастай қоғамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

    Қызметтің негізгі түрі – қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі - үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Релизде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі білім беру саласындағы ұйымдардың, білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Интернет арқылы ұсынылатын қызметтер – бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім деңгейлері бойынша оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, білім беру ұйымының сайтын әзірлеу және жүргізу, оқушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті өзара іс-қимыл нысандарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернет қолдану негізінде оқу үдерісіне әкімшілік ету бойынша қызметтер.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Д. Мухангалиева Тел. +7 7172 749374 E-mail: D.Mukhangalieva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г.Астана
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министрліктер үйі, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші