Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    941 178,6 млн.
    2023 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарымен қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 941178,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде 77,1% - бюджет есебінен, 14,4% - халықтан түскен қаражат есебінен, 8,5% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    504 636,9 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең үлкен көлемі ауруханалық мекемелердің қызметі есебінен қалыптасты, олар 504636,9 млн. теңге (53,6%) сомасында қызмет көрсетті. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 161994,3 млн.теңге (17,2%) сомасында және денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметті жүргізетін ұйымдар 141620,4 млн. теңге (15%) сомасында қызмет көрсетті.
    48 047,8 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін арнайы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 48047,8 млн. тенге (5,1%) сомасында, тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар -38270,6 млн. теңге (4,1%) сомасында, стоматологиялық қызметпен айналысатын ұйымдар - 36446,1 млн. теңге (3,9%) сомасында және тұруды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар - 10162,2 млн. теңге (1,1%) сомасында қызмет көрсетті.
    68%
    2023 жылғы IV тоқсанның қорытындысы бойынша қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 68% мемлекеттік меншік ұйымдары, 30% жеке меншік ұйымдары және 2% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    604 678,1 млн.
    Есепті кезеңде қызметтің негізгі түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 604678,1 млн.теңгені (64,2%), шағын кәсіпорындар – 187395,3 млн. теңгені (19,9%) және орта кәсіпорындар – 149105,0 млн. теңгені (15,9%) құрады.
    Динамикалық кесте
    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі
    мың теңге
    Барлығы IV - тоқсан
    2022 2023
    Денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі 797 386 841 892 719 849
    Тұратын орынды қамтамасыз етумен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтер көлемі 28 902 161 38 137 170
    Тұратын орынды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтер көлемі 8 049 848 10 321 584
    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Қызмет – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.

    Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Статистикалық бюллетеньде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі, бюджет қаражаты мен кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалатын қызмет көрсетулердің көлемі қосылған құн салығынсыз көрсетіледі.

    Халық төлеген қызмет көрсетулердің көлемі нақты төленген сомалардың мөлшерінде (яғни, ҚҚС-ты есепке алумен) көрсетіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г.Маханбетова
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: G.Makhanbetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші