Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    291
    2023 жылдың соңына Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі 291 ұйымдар есепке алынды, оның ішінде стационарлық үлгідегі ұйымдар – 173, жартылай стационарлық үлгідегі - 80, уақытша болу – 34, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бірнеше шарттары бар – 4 ұйым бар
    41 703
    2023 жылдың соңына осы ұйымдарда тұратындар саны 41703 адамды құрады, соның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер – 14201 адам (34,1%), Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер – 12 адамды (0,03%) құрады
    Динамика

    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдардың саны және құрылымы

    бірлік
      2021 2022 2023
    Барлығы 272 281 291
    Қалалық жер 190 194 208
    Ауылдық жер 82 87 83
    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдардың жалпы саны
    бірлік
    2023 жыл

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын негізгі контингент – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны 25496 адамды немесе 2023 жылдың соңында қызмет көрсетілгендердің жалпы санының 61,1%-ын құрады

    2023 жылдың соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің саны 4654 адамды (18,3%) құрады, мінез-құлқындағы психикалық бұзылыстары бар - 19765 адам (75,1%).

    Глоссарий

    Жартылай стационарлық жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.

    Стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсетуге арналған заңды тұлға.

    Уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы уақытша (бір жылдан көп емес) болуы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Стационарлық үлгідегі ұйымдар - стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар).

    Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар - қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжигитов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г.Сагат
    Тел. +7 7172 749258
    E-mail: gl.sagat@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші