Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    763 959,5 млн.
    2022 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтермен көрсетілген ұйымдарымен, негізгі қызмет бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 763959,5млн. теңгені құрады, оның ішінде 76,9% бюджет есебінен, 14% - халықтан түскен қаражат есебінен 9,1% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    415 078,5 млн.
    Қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі қызмет бойынша ауруханалық мекемелердің қызметі есебінен қалыптасты, олармен 415078,5 млн. теңге (54,3%) сомасында қызмет көрсетілді. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 126730,6 млн.теңге (16,6%) сомасында қызмет көрсетті, басқа да адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметті жүргізетін ұйымдар - 113574,9 млн. теңге (14,9%) сомасында қызмет көрсетті.
    43 431,7
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін арнайы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 43431,7 (5,7%) сомасында, стомотологиялық қызметпен айналысатын ұйымдар - 34605,3млн. теңге (4,5%) сомасында, тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар - 24306,1 млн.теңге (3,2%) сомасында, және тұруды қамтамасыз етусіз, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар - 6232,1млн.теңге (0,8%) сомасында қызмет көрсетті.

    2022 жылғы II тоқсандағы қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 64,9% мемлекеттік меншік ұйымдары, 33% жеке меншік ұйымдары және 2,1% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.

    Есепті кезеңде негізгі қызмет түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 490745,8 млн.теңгені (64,2%), шағын кәсіпорындар – 162858,3 млн. теңгені (21,3%) және орта кәсіпорындар – 110355,3 млн. теңгені (14,5%) құрады.

    Электронные таблицы
      2020 2021
    Ағымдағы кірістер Ағымдағы шығыстар Ағымдағы кірістер Ағымдағы шығыстар
    Қазақстан Республикасы 1 961 092 762 1 913 027 212 2 818 644 308 2 690 156 445
    Ақмола 74 369 152 73 097 886 114 881 118 109 739 516
    Ақтөбе 71 560 859 71 535 510 109 190 942 106 180 912
    Алматы 129 093 951 122 423 034 199 694 258 193 789 479
    Атырау 59 134 570 55 145 342 82 828 902 75 296 023
    Батыс Қазақстан 74 621 743 73 002 200 103 052 374 104 010 714
    Жамбыл 87 246 598 84 798 672 128 767 218 123 860 615
    Қарағанды 147 697 449 139 454 573 198 916 467 192 331 736
    Қостанай 77 380 540 78 996 391 104 398 703 107 683 891
    Қызылорда 73 509 925 72 736 554 98 082 469 95 144 539
    Маңғыстау 54 065 518 52 654 534 79 477 431 74 039 405
    Павлодар 85 375 488 86 903 406 126 264 168 123 847 501
    Солтүстік Қазақстан 60 392 500 60 082 987 76 226 070 79 550 764
    Түркістан 115 304 228 111 299 385 161 607 010 155 402 075
    Шығыс Қазақстан 135 684 231 135 936 776 175 821 494 179 348 047
    Астана қ. 271 617 818 270 064 787 385 131 715 360 870 804
    Алматы қ. 324 722 469 311 910 219 503 398 947 449 212 553
    Шымкент қ. 119 315 723 112 984 956 170 905 022 159 847 871
    Табыстар және шығыстар
    II тоқсан
    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Негізгі қызмет түрі – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.

    Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Статистикалық бюллетеньде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі, бюджет қаражаты мен кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалатын қызмет көрсетулердің көлемі қосылған құн салығынсыз көрсетіледі.

    Халық төлеген қызмет көрсетулердің көлемі нақты төленген сомалардың мөлшерінде (яғни, ҚҚС-ты есепке алумен) көрсетіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжигитов
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Г. Маханбетова
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: g.makhanbetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші