Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    777007,2 млн.
    2023 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтермен көрсетілген ұйымдарымен, негізгі және қосалқы түрі бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 777007,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде 74,6% бюджет есебінен, 16,6% - халықтан түскен қаражат есебінен, 8,8% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    411422,5 млн.
    Қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі және қосалқы түрі бойынша қызмет ауруханалық мекемелердің қызметі есебінен қалыптасты, олармен 411422,5 млн. теңге (52,9%) сомасында қызмет көрсетілді. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 131269,1 млн. теңге (16,9%) сомасында және денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметті жүргізетін ұйымдар – 117216,6 млн. теңге (15,1%) сомасында қызмет көрсетті.
    42580,7 млн.
    Қызметтің негізгі және қосалқы түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін арнайы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 42580,7 млн. теңге (5,5%) сомасында, стомотологиялық қызметпен айналысатын ұйымдар - 35321,4 млн. теңге (4,5%) сомасында, тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар – 30566,9 млн. теңге (3,9%) сомасында және тұруды қамтамасыз етусіз, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар -8630,2 млн. теңге (1,1%) сомасында қызмет көрсетті.
    65,1%
    2023 жылғы III тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 65,1% мемлекеттік меншік ұйымдары, 32,8% жеке меншік ұйымдары және 2,1% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    486824,8 млн.
    Есепті кезеңде негізгі және қосалқы қызмет түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 486824,8 млн. теңгені (62,7%), шағын кәсіпорындар – 161928,9 млн. теңгені (20,8%) және орта кәсіпорындар – 128253,6 млн. теңгені (16,5%) құрады.
    Динамикалық кесте
    III тоқсан
    2022 жыл 2023 жыл
    Барлығы 666 492 430 777 007 248
    Денсаулық сақтау саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 636 000 988 737 928 811
    Тұратын орынды қамтамасыз етумен әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 24 249 856 30 231 024
    Тұратын орынды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 6 241 586 8 847 413
    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Негізгі қызмет түрі – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.

    Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Статистикалық бюллетеньде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі, бюджет қаражаты мен кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалатын қызмет көрсетулердің көлемі қосылған құн салығынсыз көрсетіледі.

    Халық төлеген қызмет көрсетулердің көлемі нақты төленген сомалардың мөлшерінде (яғни, ҚҚС-ты есепке алумен) көрсетіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А.Мизинбаева
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: a.mizinbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші