Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2022 жылғы еңбек нарығының негізгі индикаторлары
29.03.2023
2022 жылғы еңбек нарығының негізгі индикаторлары

2022 жылы1) Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі, яғни табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын болғандар бойынша жылдық мәндегі көрсеткіш 4,9% құрады.

Еліміз бойынша экономиканың әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, олардың 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,3%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,7%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 65,3% құрады.

Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (12,7%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (12,4%) салаларында еңбектенді.

Жалпы 2022 жылы елімізде 458,3 мың жұмыссыз адам болды.

15 пен 28 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады. NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі 6,5% құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы желтоқсан айының соңына 132,3 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 1,4%-ын құрады.

 

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші