Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2022 жылғы желтоқсанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі
09.01.2023
2022 жылғы желтоқсанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы бағалар алғаш рет арзандады. Айлық (2022 жылғы желтоқсан 2022 жылғы қарашаға қарағанда) мәнде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.

Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады. Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2022 жылғы желтоқсан

Анықтама: 2022 жылғы  қараша

2021 жылғы  желтоқсанға

2022 жылғы  қарашаға

2021 жылғы   қарашаға

2022 жылғы     қазанға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

437 4591)

15,6

0,4

17,3

1,2

Пәтерлерді қайта сату

482 197

21,6

-1,5

26,9

1,0

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

4 678

45,0

-1,6

48,6

-2,4

1)        Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.


























Бір жылда (2022 жылғы желтоқсан 2021 жылғы желтоқсанға) қолданыстағы пәтерлер саудасындағы бағалар – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 15,6%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.

Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда  (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%). Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%),  Қарағанды қаласы (53,1%).










Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі




ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

 

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші