Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылғы I тоқсандағы жалақы
05.05.2023
2023 жылғы I тоқсандағы жалақы

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні* 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгені құрады. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 19,3%-ды, нақты мәнде – 0,6% төмендеді. Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңгені құрады.

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыста– 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды.

2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%.

2023 жылғы I тоқсандағы номиналды және нақты жалақы индекстері



Салалар бөлінісінде ең жоғары жалақы мөлшері тау-кен өндіру саласындағы – 766 555тг, одан әрі қаржы және сақтандыру секторында – 602 114тг, сондай-ақ ақпарат және байланыс саласында болды – 541 218тг. Орташа жалақының ең төменгі деңгейі сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 тг, сондай-ақ және ауыл, орман және балық шаруашылығында – 179 388 теңге.

Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға. Атаулы мәнде Атырау облысындағы ең үлкен жалақы мөлшері – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да – 241 102 теңге.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2023 жылғы I тоқсанда 3,6 есені құрды.


*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші