Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
АҚШ Ұлттық ауыл шаруашылығы статистикасы қызметінің өкілдері Ұлттық статистика бюросында болды
24.01.2023
АҚШ Ұлттық ауыл шаруашылығы статистикасы қызметінің өкілдері Ұлттық статистика бюросында болды

24 қаңтарда АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық Ауыл шаруашылығы статистика қызметінің (NASS) өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы статистикасы жүйесін бағалау мақсатында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросына ресми сапармен келді.

            Делегация құрамында АҚШ Ұлттық Ауыл шаруашылығы статистикасы қызметінің Халықаралық бағдарламалар бөлімінің директоры Сара Хоффман және Халықаралық бағдарламалар кеңсесінің өкілі Дэвид Лукенбах болды.

            Сапар аясында тараптар тәжірибе алмасып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы мәліметтерді өндіру, өңдеу және талдау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Бюроның өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаментінің директоры Әсел Шауенова ауыл шаруашылығындағы статистикасының қазіргі жай-күйі мен  ондағы деректерді жинаудағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы айтып берді.  Қонақтарға сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығы тіркелімі туралы да ақпарат ұсынылды. Кездесуде АҚШ-тан келген қонақтарды мемлекеттік статистика саласындағы жаңа реформалар, әдіснамалық базаны қолдану ерекшеліктері мен перспективалық міндеттер де қызықтырды.

«Бүгінгі таңда Ұлттық статистика бюросы реформалаудың кезеңдерін өткеруде. Ауыл шаруашылығы саласындағы респонденттердің ыңғайлылығы үшін біз статистика есептерінің кейбір нысандарын оңтайландырдық. Біз сондай-ақ балама көздерден деректерді алу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, космонитринг  мәліметтері егіс алқаптары туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. АҚШ Ұлттық ауыл шаруашылығы статистикасы қызметінің үздік тәжірибесі еліміздегі ауыл шаруашылығы статистикасын жақсартудағы жұмыстарды жалғастыруға жақсы негіз болады деп ойлаймын», – деді кезедсуде Бюро басшысы Жандос Шаймарданов.

            Өткен кездесу барысында Nass өкілдері өзекті, уақтылы, дәл және бейтарап ауыл шаруашылығы статистикасын ұсынудағы бюроның ауыл шаруашылығы статистика жүйесіне өз бағасын берді.

Анықтама:

АҚШ ауыл шаруашылығы департаментінің ұлттық ауыл шаруашылығы статистикасы қызметі (NASS) сауалнамалар жүргізіп, АҚШ ауыл шаруашылығының барлық дерлік аспектілерін қамтитын есептерді дайындайды, мысалы, азық-түлік өндіру және жеткізу, ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығы мен жалақы, қаржы, химиялық заттарды пайдалану және АҚШ өндірушілерінің демографиясындағы өзгерістер және т.б.

 

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші