Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Алматыда үй шаруашылықтарында энергия тұтыну бойынша іріктеме сауалнамасын ұйымдастыру бойынша семинар өтті
31.03.2023
Алматыда үй шаруашылықтарында энергия тұтыну бойынша іріктеме сауалнамасын ұйымдастыру бойынша семинар өтті
Алматыда үй шаруашылықтарында энергия тұтыну бойынша іріктеме сауалнамасын ұйымдастыру бойынша семинар өтті

2023 жылғы 28-29 наурызда Алматы қаласында Халықаралық жаңартылатын энергия агенттігімен (IRENA) бірлескен жоба аясында Бюро қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарында энергия тұтыну бойынша іріктемелі сауалнаманы ұйымдастыру және өткізу бойынша семинар өткізді. Ол бес жылда бір рет ұйымдастырылатын шара.

Семинарға Бюроның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, Халықаралық жаңартылатын энергия агенттігінің (IRENA) сарапшысы және Молдова Республикасының Ұлттық статистикалық бюросының өкілі қатысты.

Семинарда Қазақстан Республикасындағы отын мен энергияны тұтыну бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін жүргізудің міндеттері, тұжырымдамалық және әдістемелік мәселелері және Молдова Республикасындағы энергия мен отын шығыны бойынша үй шаруашылығын зерттеу тәжірибесі баяндалды.

Еске салайық, еліміздің барлық өңірлерінде 2023 жылдың 12 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында интервьюерлер үй шаруашылықтарын аралаған кезде далалық жұмыстар сауалнама әдісімен жүргізіледі.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші