Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» бағдарламасына қосылды
18.03.2023
Қазақстан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» бағдарламасына қосылды
Қазақстан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» бағдарламасына қосылды
Қазақстан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» бағдарламасына қосылды

Астанаға ресми сапары аясында Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы Әсет Ерғалиевпен кездесті.
Тараптар Қазақстан 2023 жылдан бастап қосылатын «Экономикалық даму үшін тиімді басқару» бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастыққа қызығушылық танытты және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша үлес қосады. Бүгін қол қойылған келісімнің мәні – елімізде «Экономикалық даму үшін тиімді басқару» бағдарламасы шеңберінде өзара қолдау көрсету. Әріптестіктің нәтижесі ретінде тараптар бүкіл өңір бойынша реформаларды жүргізуге көмектесетін бағдарламаның бөлігі ретінде айқындаған экономикалық реформаларды тиімді және ашық жүргізу күтіледі»,– деді Әсет Ерғалиев.

Бағдарлама елдердің сенімді деректерді жинауын және олардың ел саясатын әзірлеу мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруда, үкімет ішіндегі үйлестіруді сондай-ақ, азаматтармен өзара әрекеттесуді жақсартуға бағытталған талпынысын қолдайды.
Осыған байланысты, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы статистикалық деректердің негізгі өндірушісі ретінде мемлекеттік қызметшілердің, қарапайым азаматтардың да деректерді пайдалану жөніндегі сауатын арттыруды көздейді. Қазіргі уақытта Бюро әртүрлі деңгейлерде шешім қабылдау кезінде деректерді тиімді пайдалануды ілгерілетуге арналған «Data literacy» оқыту курсын әзірледі.

«Біз деректермен жұмыс істей білуді үйретуде зор әлеует барын көріп отырмыз. «ЭДТБ» бағдарламасы аясында ынтымақтаса отырып, біз мемлекеттік қызметшілер, қарапайым азаматтар арасында да DATA сауаттылықтың артуына өз үлесімізді қосуды жоспарлап отырмыз. Біз бұл бастаманы бүкіл Орталық Азия өңірі үшін құзыреттілік орталығы ретінде таратуды ұсынамыз. Қазақстан деректермен жұмыс істеу бойынша білім беру жобаларының хабы болады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік сұхбатқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы алдағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.


Анықтама:

«Data literacy» бағдарламасы статистикалық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан үшін бейімделген және қолданбалы кейстер арқылы деректер негізінде шешім қабылдау мәдениетін (Data driven decision making) енгізуге бағытталған. Бағдарлама халық пен мемлекеттік органдар тарапынан деректерге сұранысты арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға алып келеді. Сонымен қатар, Бағдарлама қатысушылардың білімі мен қажеттіліктерінің әр түрлі деңгейіне, білімнің бастапқы деңгейінен бастап, дата-талдаушылар мен дата-сайентистердің ең озық деңгейіне дейін бағытталған.
Бүгінгі таңда Мемлекеттік қызмет академиясымен мемлекеттік органдарға жаңадан келіп түскен барлық қызметкер үшін курсты енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Экономикалық даму үшін тиімді басқару (ЭДТБ – EGED) – бұл Дүниежүзілік банктің 2020-2025 жылдары Орталық Азия елдерінде (Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) жүзеге асыратын Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және даму министрлігінің (FCDO) бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі мақсаты Орталық Азия елдеріндегі экономикалық саясаттың тиімділігін, есептілігін және ашықтығын арттыру.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші