Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюро академиялық ортамен белсенді жұмыс атқаруда
30.03.2023
Бюро академиялық ортамен белсенді жұмыс атқаруда
Бюро академиялық ортамен белсенді жұмыс атқаруда

Бүгін Ұлттық статистика бюросы деректер сауаттылығы бойынша кезекті дәрісін өткізді. Бұл жолы Бюроның «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК Аналитикалық шешімдерді қалыптастыру департаментінің директоры Сәрсен Жаңабеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының білім алушылары үшін «Ұлттық статистикалық жүйеге шолу» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында ол Бюро жұмысының негізгі бағыттарына, ағымдағы міндеттер мен перспективалар жайында кеңінен тоқталып, академиялық ортамен өзара әрекеттесу туралы, сондай-ақ деректер экожүйесі туралы  баяндады.

Сондай-ақ, Бюроның жаңа веб-сайты мен пайдаланушылармен өзара әрекеттесу құралдары таныстырылды. Статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасы, халықаралық тәжірибе, сондай-ақ Қазақстандағы деректер экожүйесі бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.

Кездесуге Бюро департаменттерінің басшылары Наталья Белоносова, Гүлмира Бексаутова және Әсел Джартыбаева қатысты.

Бұл қонақ дәрісі бюро мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен өзара іс-қимыл туралы меморандумды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

Өз кезегінде Ұлттық статистика бюросы жас мамандарға түрлі дәрістер мен конкурстарды іске асыру, жас мамандардың деректермен жұмыс істеу бойынша кәсіби дағдылары мен білімдерін дамытуға ықпал ететін тағылымдамаларға шақыру арқылы тұрақты негізде қолдау көрсетеді.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші