Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросында Әз Наурыз мерекесі атап өтілді
20.03.2023

Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесін кеңінен атап өтті. ҚР Ұлттық статистика бюросының астаналық департаментінің аумағында қазақ ауылы бой көтерді. Өз қазақ үйлерін бюроның орталық аппараты, «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК мен елордалық Статистика департаментінің ұжымдары ұсынды.

Мерекеде би мен әннен шашу шашылып, «Сырға салу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» және т.б. халықтық әдет-ғұрыптары көрініс тапты. Шараға жиналған қонақтар мерекенің басты нышаны –байлық пен молшылықты бейнелейтін «Наурыз көже» ұлттық тағамынан дәм татты.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов құттықтау өз сөзінде, бұл халық дәстүрі мен ғұрыптарын құрметтейтін шын мәнінде жалпы халықтың мейрамы, бірлік пен келісім мерекесі екенін атап өтті. «19,7 миллион адам тұратын елде достық пен өзара сыйластықты сақтау өте маңызды, барлық қонаққа бақ-береке менамандық тілеймін», – деді ол.

Мереке аясында ұлттық күйлер мен әндер орындалды, қонақтар «Садақ ату», «Асық ату», «Арқан тарту», «Қап көтеру» сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша күш сынасты. Спорт жарыстарының қатысушылары мен жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатқа ие болды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші