Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,6% құрады
15.03.2023
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,6% құрады
2023 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп 7134 млрд. теңгеге өнім өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 3411 млрд. теңгеге (жалпы көлемнен 47,8%), өңдеуде саласында – 3132 млрд. теңгеге (43,9%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 2,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 4,6%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 3,2% байқалады.

Табиғи газды (101,1%), темірді қоспағанда, кендерді (107,6%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,9%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,5% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Өөнеркәсіп өндірісінің индексі 102,5%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдері – 9,6%, сусындар – 22,6%, мұнайдың өңделген өнімдері – 6,5%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 9,4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру – 16,7%, машина жасауда 31,5% болып белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында байқалды.




Тізімге оралу

Онлайн кеңесші