Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 787,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 446,3 мың адам (56,7%), ауылдықтар – 341,3 мың адам (43,3%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 398 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде 593 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 1771 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 1,9% көбейді), қайтыс болғандар саны 1373 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 20% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -763 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – -333 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -6 адам теріс көші-қон айырмасы (+51 адам), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -757 адам (-384 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 20 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылғы 1 сәуірге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 6627 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,6% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 337752 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 23% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 110,3% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 185806 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 16,6% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 4,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 423757,1 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,2% төмен.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 16% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 6,3% азайды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 31,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 17,6% өсуі байқалды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 77071,6 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 100,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 6139,1 млн. ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 92,4% құрады.

Жолаушы айналымы 289,2 млн. жкм құрады, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 96,5% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 19702,3 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 149,1% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15,6% төмендеп, 142 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 12,7% (73,2 мың шаршы метр), пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 25,1% (62,8 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 93254,4 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 63,3% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14860 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,5% азайды, оның ішінде 14525 адамнан кем қызметкерлері барлар 100 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12356 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12025 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11613 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,6% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 101,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2302576,7 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 99,3% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 48,6%, қызметтер көрсету – 43,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы наурызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,7%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 1,8% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы наурызда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіптік өнімдерінің бағалары 3,8% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 97337,6 млн.теңгені құрады, немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,3% жоғары.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 105936,6 млн. теңгені құрады, немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 97,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 71,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 25,6% азайды, оның ішінде экспорт – 26,4 млн. АҚШ долларын (9,3% азайды), импорт – 45 млн. АҚШ долларын құрады (32,7% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    18.04.2024

    2024 жылғы I тоқсандағы 2-МП, 2-қызмет көрсету, КО-6, сонымен қатар 2-сауда (айлық) статистикалық нысандар бойынша іріктеме зерттеулерге енгізілген респонденттер тізімі осы парақтың төменгі жағында «Статистикалық...

  • Құрметті респонденттер!
    16.04.2024

    Ақмола облысының статистика департаменті 1-инвест «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» статистикалық нысанын толтыру бойынша 2024 жылғы 17 сәуірде сағ.11:00-де онлайн семинар...

Онлайн кеңесші