Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ақтөбе облысы
Хабарландырулар
12.02.2024

2024 жылғы 14 ақпанда сағат 10.30-да Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінде (Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 25, 207 кабинет мекенжайы бойынша) «Атамекен» Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен және облыстың нарық субъектілері өкілдерімен (бухгалтерлерімен) «Статистикалық нысандардың дизайны, олардың көрсеткіштерінің өзектілігі және толтыру жөніндегі нұсқаулық» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде статистика салалары бойынша  2025 жылға арналған жаңа, қайта қаралатын және жойылуға жататын жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар туралы негізгі мәселелер қаралып талқыланды.

25.09.2023

Құрметті респонденттер! Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті Сізге 2023 жылдың 3 тоқсанына 2-ШК (тоқсандық) нысанын ұсыну қажеттілігін есіңізге салады. Ұсыну мерзімі – 2023 жылғы 25 қазанға дейін (қоса алғанда). 2023 жылдың 3 тоқсанына 2-ШК (тоқсандық) нысаны бойынша іріктемелі зерттеу тізбесіне кірген кәсіпорындар тізімі www.stat.gov.kz/Басты бет/Қазақстан Республикасының өңірлерінің статистикасы/Ақтөбе облысы/ Статистикалық нысандардың іріктемесы (каталогтар)/ 2023 жылғы 3 тоқсанына 2-ШК статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі. Барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментіне хабарласуыңызға болады. Электрондық мекенжай: t.feskova@aspire.gov.kz, zh.zhunuspekova@aspire.gov.kz, b.demesinova@.aspire.gov.kz, ve.usmangalieva@aspire.gov.kz.

20.07.2023

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық байқауы бойынша Хроматау қаласы іріктемелі зерттеу үшін сұхбатшы қабылданатынын хабарлайды.

Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2023 жылғы тамыздың 1-нен желтоқсанның 31-не дейін (қоса алғанда) аралығында (тоқсандық,жылдық,біреттік).

Сухбатшыға қойылатын талаптар: жоғары, орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды (экономикалық, есеп және аудит, қаржы, құқықтану).

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын,уақытылық мерзімін  сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, №205 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8(7132) 54-36-52.

11.11.2022
Cіздерді Мемлекеттік органдардың әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін онлайн-сауалнаманы тапсыруыңызды сұраймыз.
Қатысқаныңыз үшін алдын ала рахмет. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
03.11.2022
2022 жылғы 4 тоқсанына 1-ДК (автожүктер) (тоқсандық) Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп нысаны бойынша каталогқа енген жеке кәсіпкерлердің тізімі біздің www.stat.gov.kz сайтында орналастырылған немесе Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 301 кабинетіне жүгінуіңізге болады, тел. 54-26-37, 55-31-58.
03.11.2022
2022 жылғы 4 тоқсанына 1-ДК (автожолаушылар) (тоқсандық) Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп нысаны бойынша каталогқа енген жеке кәсіпкерлердің тізімі біздің www.stat.gov.kz сайтында орналастырылған немесе Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 301 кабинетіне жүгінуіңізге болады, тел. 54-26-37, 55-31-58.
11.10.2022
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық байқауы бойынша Ақтөбе қаласы, Астана ауданына іріктемелі зерттеу үшін сұхбатшы қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2022 жылғы қарашаның 1-нен желтоқсанның 31-не дейін (қоса алғанда) аралығында (тоқсандық,жылдық,біреттік).
Сухбатшыға қойылатын талаптар: жоғары, орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды (экономикалық, есеп және аудит, қаржы, құқықтану).
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын,уақытылық мерзімін сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, №205 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8(7132) 54-36-52.

Онлайн кеңесші