Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға Алматы қаласының халық саны 2241 мың адамды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 3844 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңінде 3489 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 5875 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 7,4% артық), қайтыс болғандар саны 2031 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 2,5% артық).

Оң мәнді көші-қонның айырмасы қалыптасты және 8685 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда - 5696 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда –1117 адам (777) - оң мәнді көші-қон айырмасы, ішкі – 7568 адам (4919).


Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 51,7 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылғы 1 сәуірінде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 25291 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,3% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 474550 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 20,4% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,9% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қала халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 276199 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 17,9% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 6,6%.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурыздағы Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 103,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 14591960,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 9,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 7,6%, қызметтер көрсету – 84,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы наурызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,5% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 3,5%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 2,4% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы наурызда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,2% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-наурыздағы бөлшек сауда көлемі 1265652,3 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% көп.

2024 жылғы қаңтар-наурыздағы көтерме сауда көлемі 3453147,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1070,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,2% ұлғайды, оның ішінде экспорт – 299,4 млн. АҚШ долларын (18,9% азайды), импорт – 771,1 млн. АҚШ долларын құрады (20,7% көбейді).

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 513712 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,2% кем.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,4% өсті, ал электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 18,5% және сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 12,5% төмендеу байқалды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 118,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға 131% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 4929,6 млн.т-км-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен  салыстырғанда 105,3% құрады.

Жолаушы айналымы 4290,7 млн. ж-км-ді құрады, немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен  салыстырғанда 120,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 93944,3 млн. теңге немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 103,5% құрады.  

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 18,3% төмендеген, 527,6 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 11% (418,8 мың шаршы метр), жеке тұрғын үйлер– 37,9% (108,8 мың шаршы метр).

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 280519,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 111,4% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірге жағдай бойынша 149571 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 4,4% көбейді, оның ішінде 147862 адамнан кем қызметкерлері барлар 100 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 116645 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 115043 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 139767 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,7% көбейді.

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    25.04.2024

    2-Т (еңбекақы) "Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп" нысаны бойынша есептілікті тапсыратын респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы...

  • Құрметті респонденттер!
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуір айына 2-сауда (айлық) "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/Қазақстан Республикасы...

Онлайн кеңесші