Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Алматы қаласы
Хабарландырулар
18.04.2024

2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді. 

Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын болады. 

Сондай-ақ бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күні ішінде (бұған дейін екі күн берілген) жасалуы тиіс. Дәлелдемелер болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады. 

«Бұл шаралар бастапқы статистикалық деректердің дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл – мемлекеттік статистиканың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісінің бірі», – дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев. 

Аталған өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енетінін ескертеміз. 

Біз барлық респондентті статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз. 

Анықтама: 

 

Бастапқы статистикалық деректерді алғаш рет бұрыс ұсынғаны үшін респондентке ескерту беріледі, мүлде ұсынбағаны үшін айыппұл салынады (ҚР ӘҚБК 497-бабының 2-тармағы). 

Айыппұлдар келесі мөлшерде белгіленеді: 

Жеке тұлғаларға – 10 АЕК; 

Лауазымды тұлғаларға, КЕҰ-ға, шағын бизнес субъектілеріне – 14 АЕК; 

Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК; 

Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК. 

Алғашқы бұзушылықтан кейін бір жыл ішінде бастапқы статистикалық деректерді тапсыру мерзімін қайта бұзу (сондай-ақ дәйексіз мәліметтерді қайта ұсыну) анықталған жағдайда айыппұл салынады: 

Жеке тұлғаларға – 14 АЕК; 

Лауазымды тұлғаларға, КЕҰ-ға, шағын бизнес субъектілеріне – 20 АЕК; 

Орта кәсіпкерлік субъектілері – 40 АЕК; 

Ірі кәсіпкерлік субъектілері – 150 АЕК. 

29.03.2024

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті РММ-сі «Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу сауалнамасы» (Т001 - индексі) бойынша статистикалық байқау жүргізу үшін сұхбат алушы бос орнына конкурс жариялайды.

 

Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 375-38-12

Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/Жароков көшесінің қиылысы. 

29.03.2024ж.

27.03.2024

 ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Статистикалық жұмыстар Жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті халықты (үй шаруашылықтарын) тоқсан сайын іріктеп зерттеу жүргізеді, бұл Алматы қаласындағы халықтың өмір сүру деңгейін зерттеуге көмектеседі. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 5 бабына сәйкес Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз. 

Сіздердің жауаптарыңыз қаладағы халықтың кедейшілік деңгейін, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Зерттеу барысында алынған ақпарат біздер үшін жарқын келешекті жоспарлауға қажет! 

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары математикалық, әдіснамаға сәйкес кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды. Сіздерге сауалнамаға белсенді қатысуға және сұратылған қажетті ақпаратты беруді сенімді өтінішпен сұраймыз. Сауалнама нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты. Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы куәлік көрсетеді. 

Оның келу кезеңі интервьюердің жұмыс Кестесімен реттеледі. Толығырақ нақтылау және кеңес беру сипатындағы ақпаратты алу үшін 375-38-12 байланыс телефонына қоңырау шалуға болады (Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті, еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы).

Түсініктік пен ынтымақтастығыңыз үшін Сізге рақмет!

27.03.2024

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! 

          Статистикалық жұмыстар Жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Алматы қаласындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 5 бабына сәйкес Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз. 

      Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер Алматы қаласын жұмыспен қамту мен әлеуметтік дамуының әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады. 

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары математикалық, әдіснамаға сәйкес кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды. Сіздерге сауалнамаға белсенді қатысуға және сұратылған қажетті ақпаратты беруді сенімді өтінішпен сұраймыз. Сауалнама нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты. Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы куәлік көрсетеді. 

Оның келу кезеңі интервьюердің жұмыс Кестесімен реттеледі. Толығырақ нақтылау және кеңес беру сипатындағы ақпаратты алу үшін 375-38-12 байланыс телефонына қонырау шалуға болады (Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті, еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы).

Түсініктік пен ынтымақтастығыңыз үшін Сізге рақмет!

30.01.2024

«Өндірістік қуаттар балансы» БМ нысаны бойынша қызметінің жоқтығы туралы хабарлама (анықтама) статистикалық органдарға ұсынылмайды. Респонденттерге арналған нысан/2024 жылғы статистикалық нысандар/  жылдық нысандар қойындысында stat.gov.kz сайтында орналасқан «Өнеркәсіп салалары бойынша өнімдер тізбесі» қосымшасына сәйкес толтырылады.

28.12.2023

Мерзімділігі: жылдық, кезеңі: 2023 жыл статистикалық нысандары бойынша қызметтің жоқтығы туралы хабарламаларды (анықтаманы) ұсыну үшін респонденттің кабинетінде анықтаманы қалыптастыру кезінде 2024 жыл тізімінен таңдау қажет. 2023 жылғы жылдық нысандар 2024 жылғы жүгіртпеде отырады. 


Онлайн кеңесші