Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 ақпанға облыс халқының саны 1533,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 247,7 мың адам (16,2%), ауылдықтар – 1285,3 мың адам (83,8%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтарда 2000 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1974 адам).

2024 жылғы қаңтарда жаңадан туылған сәбилер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,6%, шетінегендер 5,5%  тіркелімі өсті.

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -59 адамды құрады (2023 жылғы қаңтарда - 207 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 59 адам оң көші-қон айырмасы (246), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -118 (-39 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 34,4 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 наурызда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 19272 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,6% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 319473 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 17,7% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы III тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 129264 теңгені құрады. 2022 жылғы III тоқсанға қарағанда 12%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 0,2%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 253977,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2,8% азайды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 80,6% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 5,2% төмендеді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 36,3%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 19,7% өсті.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 63400,6 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 105,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 3485,9 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 100,9% құрады.

Жолаушы айналымы 164,4 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 131,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 9,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 17,5% - ға артты.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 5% өсіп, 133609 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 22,4%-ға азайды (59148 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 45,9% (74461 мың шаршы метр) артты.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 75,5 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 45,5% - ға артты.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 19963 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 105,9% көбейді, оның ішінде 160 адамнан кем қызметкерлері барлар 19485 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 19936 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 16459 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 16730 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 106,0% көбейді.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3093209,70 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі - 49%, қызметтер көрсету  – 51% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың қаңтар-ақпанында 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 107,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 7,1%, азық-түлік емес тауарлардың – 8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы –9% өсті.

2023 жылдың қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар-ақпанында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 106,2% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-ақпан бөлшек сауда көлемі 87172,8 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-ақпан көтерме сауда көлемі 115893,5 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтарда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 56,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 16,2% азайды, оның ішінде экспорт 21 млн. АҚШ долларын (1,1% азайды), импорт 35,1 млн. АҚШ долларын құрады (23,3% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
Онлайн кеңесші