Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға қала халқының саны 1444.7 мың адамды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 3782 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3876 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 4765 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 0.4% көбейді), қайтыс болғандар саны 983 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-апқанға сәйкес 12.7% өсті).

Көші-қонда жағымды айырым қалыптасып, 10779 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанда - 4554 адам), соның ішінде сыртқы көші-қонда 346 адам (223 адам), ішкі көші-қонда 10433 адам (4331 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 31450 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4.5% құрады.

2024 жылдың 1 наурызда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 8496 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1.2% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 549977 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 17.2% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 107.1% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 276296 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 11.3%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 1.7%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 435718.8 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1.7% көп.

Өңдеу өнеркәсібінде – 3.2%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 13.7%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 6.4% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 817.2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 99.2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы – 9147.2 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 111.2% құрады.

Жолаушы айналымы – 4189.5 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 117.2% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 94844.6 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-нурызға салыстырғанда 146.3% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 30.2% өсіп, 955.6 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 30.4% (937 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 39.6%-ға (8.4 мың шаршы метр) өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 277052.5 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 130.8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірге жағдай бойынша 101606 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5.5% көп, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 100780 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 79967 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 79144 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 92696 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 7840605.4 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 105.2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 15.4%, қызметтер көрсету – 75.9% құрады.

Тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 9.3% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 6.8%, азық-түлік емес тауарлардың – 7.5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 12.1% өсті.

2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар-наурызда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 5.5% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 488289 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6.1% көп.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 1349392.2 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108.9% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 774.4 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 16.6% азайды, оның ішінде экспорт – 316.7 млн. АҚШ долларын (25.3% азайды), импорт – 457.7 млн. АҚШ долларын құрады (9.3% азайды).

 

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Хабарландыру
    04.01.2024

    «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл...

  • Хабарландыру
    03.01.2024

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің 2024 жылға 1 қаңтардан бастап «Астана қаласында үй шаруашылықтарын...

Онлайн кеңесші