Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 ақпанға облыс халқының саны 704,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 389,9 мың адам (55,3%), ауылдықтар – 315 мың адам (44,7%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтарда 1114 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1154 адам).

2024 жылғы қаңтарда туылғандар саны 1467 адамды құрады (2023 жылғы қаңтарға сәйкес 1,9% азайды), қайтыс болғандар саны 353 адамды құрады (2023 жылғы қаңтарға сәйкес 3,5% азайды).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 281 адамды құрады (2023 жылғы қаңтарда -62 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 16399 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 наурызда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 19009 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 591588 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 6,4% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 96,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы III тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 358299 теңгені құрады. 2022 жылғы III тоқсанға қарағанда 12,5%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 1,2%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1740245 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1,1% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,6%, өңдеу өнеркәсібінде – 6,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 12,6% өсті, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 1,3% кеміді.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 12112,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 101,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 7392,7 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 100% құрады.

Жолаушы айналымы 645,4 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 93,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 115024 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 107,9% құрады.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 33,3% азайып, 65,9 мың шаршы метрді құрады. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 6,2% (64 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 345403 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 77% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 14484 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,4% көбейді, оның ішінде 14090 адамнан кем қызметкерлері барлар 160 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11132 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 10738 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12462 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,4% көбейді.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-ақпан  2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 100,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 9682340,9 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 109,3 % өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 57,5%, қызметтер көрсету – 32,6% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың ақпанында 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,1% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 1,9%, азық-түлік емес тауарлардың – 2%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 2,6% өсті.

2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылғы ақпанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,4% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 71888,2 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 986252,4 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтарда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 22,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 34,8% азайды, оның ішінде экспорт – 4,1 млн. АҚШ долларын (44,5% азайды), импорт – 18,2 млн. АҚШ долларын құрады (31,9% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • 2-ШК (жылдық) статистикалық нысаны бойынша семинар өтеді
    07.03.2024

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша статистика департаменті 2024 жылғы 13 наурызда  сағат 15:00-де 2-ШК (жылдық)...

  • 1-Т«Еңбек бойынша есеп» нысанды толтыру принциптері тақырыбында оқыту-семинарын өткізеді
    05.02.2024

    Статистика департаментінің 2024 жылға арналған жұмыс Жоспарына сәйкес, 2024 жылғы   8 ақпан сағат 15-00 де, Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімі 1-Т «Еңбек бойынша есеп», нысанды...

Онлайн кеңесші