Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
Құрметті респонденттер!
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ (одан әрі - Департамент) респонденттерге статистикалық есеп нысандарын электрондық түрде тапсыру мүмкіндігі берілгендігін хабарлайды. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) Электрондық цифрлік қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Қосымша хабарлаймыз, бастап «Респонденттің кабинеті/менің анықтамаларым» бөлігінде қызметтің болмауы туралы хабарламаларды электрондық түрде тапсыру функциясы қосылған!

Сонымен қатар, Департаменттің ғимаратында (Чкалов к., 10, 122 каб.) респонденттер кеңестік және тәжірибелік көмекті ала-алады және on-line режимінде есептерді және хабарламаларды тапсыра алады.

Электрондық түрде статистикалық есептерді тапсыру жөнінде кеңестік сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

8(7212) 41-41-99, 8(7212) 41-44-82;

Техникалық сұрақтар бойынша (сall-center): 8-8000-800-878

Сіздерден алғашқы статистикалық мәліметтерді электрондық түрде тапсыру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз!
Онлайн кеңесші