Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға Қостанай облысы халық саны 829,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 518,3 мың адам (62,5%), ауыл тұрғындары 311 мың адам (37,5%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 166 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңде – 159 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 1639 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінде), қайтыс болғандар саны 1473 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 0,5% азайды).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және 905 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – -416 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 74 адам (-2 адам), ішкі көші-қонда – -979 адам (-414 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 21950 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 7826 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 335404 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 19% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,1% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 194325 теңгені құрады 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 15,2%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 104,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 660780 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,7% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазу өндіріс көлемі 13%, өңдеу өнеркәсібінде  – 1,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауамен кондиционерленген жабдықтауда – 15,9%, сумен жабдықтауда; су бұру; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 2,8% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 36349 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 100% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 6253,4 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 90,1% құрады.

Жолаушы айналымы 375,9 млн. жкм-ді құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 109,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 27206,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 108,8% құрады.               

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3,3% өсіп, 117,7 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 19,4% (83,8 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 23,1% (33 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 104914,1 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 100,3% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14829 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,4%-ға азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14434 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 13021 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12628 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11499 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,9% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2711574,2 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 100% құрды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 47,6%, қызметтер көрсету – 44,1% құрады.      

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың наурызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,2% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,2%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,6%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 2,8% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың наурызда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,2% жоғарлады.

2024 жылғы қаңтар-наурыз бөлшек сауда көлемі 131329,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-наурыз көтерме сауда көлемі 158300,4 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 233,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 9,5% азайды, оның ішінде экспорт – 87 млн. АҚШ долларын (16,4% көбейді), импорт – 146,3 млн. АҚШ долларын құрады (20% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интернет-ресурсінде бос интервьюерлердің бос орындарын жариялау үшін хабарландыру
    11.04.2024

    Халықтың өмір сүру деңгейінің статистикасы бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі статистикалық байқаудың бастапқы статистикалық деректерін жинау бойынша өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша интервьюерлердің...

  • Интернет-ресурсінде бос интервьюерлердің бос орындарын жариялау үшін хабарландыру
    28.03.2024

    Статистикалық бақылау бойынша ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша интервьюерлердің бос орындары  «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» Т-001 (айлық).

Онлайн кеңесші