Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 842,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 395,9 мың адам (47%), ауылдықтар – 447 мың адам (53%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2618 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2587 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 3367 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 1,4% көбейді), қайтыс болғандар саны 749 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 2,2% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - -1583 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – -591 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда –2 адам оң көші-қон айырмасы (-1), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -1585 (-590 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 16,5 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірінде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17274 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 325078 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 20,4% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 109,9% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 138026 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 15,9%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 5,7%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 244605 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 7% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,8% кемісе, өңдеу өнеркәсібінде – 43,8%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 2,5%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 6,6% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 18558,5 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 101,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызында көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 8158,4 млн. ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 99,4% құрады.

Жолаушы айналымы 529,7 млн. жкм құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 107,5% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 23306 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 147,9% құрады.               

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 6,9% өсіп, 153,7 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 55,6% (12,8 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 0,3% (135,3 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 109784 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 132,8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірге жағдай бойынша 10578 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,9% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 10219 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8809 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 8450 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 7920 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,4% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурыз 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,3% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1873,3 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 4% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 40%, қызметтер көрсету – 51,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы наурызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,2% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,4%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 2,7% өсті.

2024 жылғы наурызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,2% жоғарылады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 109863,3 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-наурыз көтерме сауда көлемі 60524,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 16,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 11% азайды, оның ішінде экспорт 10,2 млн. АҚШ долларын (2,1% өсті), импорт 6,4 млн. АҚШ долларын құрады (26% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуір айына 2-сауда (айлық) "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы...

  • Хабарландыру
    13.03.2024

    «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ «Халықтың құқық қорғау органдарына ...

Онлайн кеңесші