Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлытау облысы
Хабарландырулар

 «Халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейі» статистикалық байқауын өткізу үшін өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюердің қабылдау жарияланады.

Өткізу орны: Жезқазған қ., Қаражал қ, Жаңаарқа к., Жезды к.

Қызмет көрсету мерзімі: 2022 жылғы 01 қазаннан бастап 15 қарашаны қоса алғанда.

Білім деңгейі бойынша талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.

Функционалдық мідеттері: Әдіснамалық нұсқауларға сәйкес респонденттерге жеке сұрау салу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-46-68.

Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің түйіндемелері  мына электрондық мекенжайға қабылданады: a.karaeva@aspire.gov.kz.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2022 жылғы 28 қыркүйек.


Онлайн кеңесші