Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 1222,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 531,6 мың адам (43,5%), ауыл тұрғындары – 690,9 мың адам (56,5%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2895 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 2945 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 4179 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпандағыдан 1,7% артты), қайтыс болғандар саны 1284 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпандағыдан 10,1% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -3014 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – -1465 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда теріс көші-қон айырмасы -49 адам (+17), ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы – -2965 (-1482 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 27256 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылғы 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 21613 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 287585 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 18,1% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 107% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 139608 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 19,6% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 108,3%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 193066,5 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурыздағымен салыстырғанда 9,7% кем.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 13,4% өсіп, өңдеу өнеркәсібінде – 19%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 1,3% кеміді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 5,1% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 44734,6 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурыздағымен салыстырғанда 102% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 10410,8 млн. ткм. құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылғы қаңтар-наурыздағымен салыстырғанда 102,9% құрады.

Жолаушы айналымы 504,4 млн. жкм. құрады немесе 2023 жылғы қаңтар-наурыздағымен салыстырғанда 120,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 31580,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурыздағымен салыстырғанда 110,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,8% өсіп, 125,6 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 19,2% (44,8 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 4,4% (80,8 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 85715,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурыздағымен салыстырғанда 124,4% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 15184 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,5% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14796 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12273 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11885 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12113 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурыздағыға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 99,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1907237,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 2,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 34,5%, қызметтер көрсету – 57,2% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың наурызында 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,4% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,8%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 1,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 2,9% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың наурызында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,5% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 115063,6 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% көп.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 69387,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,6% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 23970,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпандағымен салыстырғанда 56,9% азайды, оның ішінде экспорт – 5178,3 млн. АҚШ долларын (67,1% кеміді), импорт – 18792,3 млн. АҚШ долларын құрады (52,9% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
    05.03.2024

    «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі»...

  • Құрметті респонденттер!
    26.02.2024

    ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Сізді Zoom конференциясында жоспарлаған вебинарға шақырады.

    Тақырыбы: «Кәсіпорынның...

Онлайн кеңесші