Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
05.03.2024

«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі»  статистикалық байқауы бойынша  зерттеу жүргізу үшін интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды:
Зерттеу өткізу мерзімі – 2023 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейін.

Қойылатын талаптар: Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.

Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы сауалнаманы жүзеге асыру және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына жазу;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау барысында және байқау аяқталғаннан кейін алынған алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №208 кабинет мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-74-34. 

26.02.2024

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Сізді Zoom конференциясында жоспарлаған вебинарға шақырады.

Тақырыбы: «Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есебі» 1-П (айлық, тоқсандық, жылдық) нысаны бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Күні мен уақыты: 27 ақпан 2024 жыл, сағат 15:00. Мекен жайы: Сүлейменов көшесі, 18. Zoom конференциясына қосылыныз. Конференция идентификаторы: 5758806507. Код доступа:123456.

19.02.2024

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Сіздерді: « Жалпымемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын толтыру бойынша түсіндіру: 2-МП нысан  «Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп» (жылдық)» Zoom конференциясының жоспарланған вебинарына шақырады. Күні мен уақыты: 23 ақпан 2024 жыл., сағат 11:00. Zoom конференциясына қосылыңыз: Конференция индентификаторы: 575 880 6507, Код доступа: 123456.

12.02.2024

2024 жылғы 16 ақпанда сағат 11-00-де, Сүлейменов көшесі 18, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің ғимаратында, респонденттерге арналған «Энергетика статистикасы бойынша статистикалық нысандарды толтыру бойынша түсіндірмелер 1-КПЭ «Энергияны түпкілікті тұтыну», 1-ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ «Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және сату туралы есеп», 6-ТП «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп», 1-НЕФТЬ «Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындардың қызметі туралы есеп», 1-ГАЗ «Газ кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» тақырыбында семинар өткізіледі. Энергетика статистикасының нысандары бойынша есептерді тапсыруға жауапты кәсіпорындардың бухгалтерлері, экономистері шақырылады! 

Анықтама телефоны: 8 (7262) 45-66-17.

07.02.2024

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Сізді: «Жалпымемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын толтыру бойынша түсіндіру: 11-нысан «Негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп» (жыл)» тақырыбында жоспарланған семинарға шақырады

Өтетін орны Сүлейменов көшесі 18, акт залы

Күні мен уақыты: 14 ақпан 2024 жыл, сағат 10:00

01.02.2024

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданында халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша  іріктемелі зерттеуін (Сауалнама Т-001)   жүргізу үшін интервьюер (өтемелі қызмет көрсету келісімшарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Сіздің өтініштеріңіз және түйіндемелеріңіз Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 (301 бөлме) мекенжайында немесе zh.stat@aspire.gov.kz электрондық пошта бойынша қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7262) 43-44-78. 

26.01.2024

2024 жылдың 31 қаңтарында сағат 11-00-де, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті ғимаратында, Сүлейменов көшесі 18 үйдің мәжіліс залында, респонденттерге арналған  1. ішкі сауда статистикасы бойынша 2-сауда (айлық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп», 1-ВТ (жылдық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп», Э-коммерция (жылдық) «Электрондық коммерция туралы есеп» статистикалық нысандарын сапалы толтыру;  2. 1–ТС (айлық) «1-ТС «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен  өзара тауарлар саудасы туралы есеп» статистикалық нысанын сапалы толтыру тақырыбында семинар өткізіледі. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалардың бухгалтерлерін, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар шақырылады.

08.01.2024

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі  Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ іріктемелі зерттеу үшін «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы » зерттеу сауалнамасы (Н-050 жылдық) және «Үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі »зерттеу сауалнамасы (Н-020 жылдық) бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.

Зерттеу өткізу мерзімі : 2024 жылғы 16 - 30 қаңтар аралығында.

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша мына :Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18, №123 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 54-39-82. 

21.11.2023

2023 жылдың 24 қарашасында сағат 11-00 де,  Сүлейменов  көшесі 18 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті ғимаратының 306 бөлмесінде 1-ЦП «Өндірілген өнеркәсіп өнімдер (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) бағасы және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағасы туралы есеп» айлық жалпымемлекеттік статистикалық нысанын толтыру бойынша әдістемелік түсіндірмелер» тақырыбында респонденттерге арналған семинар жүргізіледі. 1-ЦП нысанын тапсыруға жауапты кәсіпорын бухгалтерлері шақырылады. Анықтама  телефоны: 8 (7262) 45-72-25.

13.11.2023

Құрметті респонденттер! 2023 жылдың 15 қарашасында сағат 11-00 де,  Сүлейменов  көшесі 18 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті ғимаратының 306 бөлмесінде «1-Ц (көтерме) «Тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату (жеткізілім) бағасы туралы есеп» айлық жалпымемлекеттік статистикалық нысанын толтыру бойынша әдістемелік түсіндірмелер» тақырыбында респонденттерге арналған семинар жүргізіледі. 1-Ц (көтерме) нысанын тапсыруға жауапты кәсіпорын бухгалтерлері шақырылады.

11.10.2023

 «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша  департаменті» РММ іріктемелі зерттеу үшін   29-сх (жылына бір рет) «Ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы»  статистикалық бақылау бойынша интервьюерлер қабылданатыңын хабарлайды. 

Зерттеу өткізу мерзімі – есенті кезеңнің 2 қарашасына (қоса алғанда) дейін

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18, №314 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-65-87. 

18.09.2023

«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі»  статистикалық байқауы бойынша  зерттеу жүргізу үшін интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды:
Зерттеу өткізу мерзімі – 2023 жылғы 1 қазаннан 15 қарашаға дейін.

Қойылатын талаптар: Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.

Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы сауалнаманы жүзеге асыру және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына жазу;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау барысында және байқау аяқталғаннан кейін алынған алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №208 кабинет мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-74-34. 

14.09.2023

"Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы баяндамасы орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.

12.07.2023

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша  департаменті» РММ Жамбыл облысы бойынша «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» А-060 (жартыжылдық) статистикалық зерттеу жүргізу үшін Тараз қаласы бойынша 3 адамнан тұратын интервьюерлер (ақылы қызметтер көрсету шарттары бойынша тартылған қызметкерлерді) қабылдайтынын хабарлайды. Зерттеу өткізу мерзімі 2023 жылғы 21-30 шілде аралығы.

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтырып зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18,  №123 кабинет  мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 54-39-82.

22.02.2023
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша  департаменті» РММ іріктемелі зерттеу үшін  А-008 (тоқсандық) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» жалпы мемлекеттік статистикалық байқауы сауалнамасы бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2023 жылғы 11- інен бастап 25наурыз, 11- інен бастап 25 маусым, 11- інен бастап 25 қыркүйек, 11- інен бастап 25 желтоқсан аралықтарындағы кезең.
Лауазымның міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №314 кабинеті мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-65-87.

Онлайн кеңесші