Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Батыс Қазақстан облысы
Хабарландырулар
12.09.2023
Интервьюерлер алуды хабарлау

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда дара кәсіпкерлер мен жұртшылық шаруашылықтарын зерттеуге «Жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы» және «Ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы»  статистикалық байқаулар бойынша интервьюерлер (өтемелі қызмет көрсету келісімшарты бойынша тартылған қызметкер) қабылданатынын хабарлайды.

Орал қаласы бойынша  - 1 бірлік
Ақжайық ауданы Чапаев ауылы - 1 бірлік
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы - 1 бірлік
Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы - 1 бірлік
Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы - 1 бірлік
Бәйтерек ауданы  Переметное ауылы - 2 бірлік
Казталов ауданы Казталов ауылы - 1 бірлік
Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы - 1 бірлік
Бөкей ордасы ауданы Сайхин ауылы - 1 бірлік
Сырым ауданы Жымпиты ауылы - 1 бірлік
Тасқала ауданы  Тасқала ауылы - 1 бірлік
Теректі ауданы  с.Теректі ауылы - 1 бірлік
Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы - 1 бірлік

Құжаттар төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: «Қазақстан Республикасы-ның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ: 090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй, анықтама үшін телефон (87112) 51-36-22, электрондық мекенжай: info.uralsk@statdata.kz.

Зерттеудің өту мерзімдері – 2023 жылғы 2 қарашасына (қоса алғанда) дейін.

Онлайн кеңесші