Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қаржы секторы
Депозиттік ұйымдардың талдау шоттары
Жаңарту күні: 2021 Маусым

Қазақстан:
Деректер таратудың арнайы стандарты (ДТАС)

ДТАС деректерінің санаты:

Депозиттік ұйымдардың аналитикалық шоттары

Байланысатын тұлға:

Абдрахманов Алмат Бахытжанович
Қаржы нарығының статистикасы департаменті
Ақша-кредит статистикасы басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Z05T8F6, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 57«А»

Телефон

8 (7172) 77-55-58

Қамтуы, дүркінділігі және уақытылылығы

Қамтудың ерекшеліктері

Деректер депозиттік корпорациялардың аналитикалық шоттары бойынша млн теңгеде ұсынылады. Деректер Қазақстан аумағында қызмет ететін екінші деңгейлі банктердің жиынтық балансын, Ұлттық Банктің (ҚРҰБ) басқаруындағы Ұлттық Қордың активтері есепке алынған ҚРҰБ балансын қамтиды. 2003 жылдың желтоқсанымен 2005 жылдық желтоқсаны аралығында кредиттік серіктестіктердің шоттары есепке алынды. Қазақстан Республикасының заңдарына лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге байланысты кредиттік серіктестіктерге ҚРҰБ өкілеттігі таралмайтындықтан 2006ж. қаңтардан бастап депозиттік ұйымдардың аналитикалық шоттарында кредиттік серіктестіктердің шоттары есепке алынған жоқ. Тарату процесіндегі банктердің шоттары депозиттік ұйымдардың аналитикалық шоттарына кірмейді.

Деректер келесі санатта беріледі:

Ақша агрегаттары (айдың соңындағы айқындама), құрамында: (a) айналыстағы қолма-қол ақша M0, (б) тар ақша массасы M1, (в) ауқымды ақша массасы M2 және (г) кең ақша массасы M3 бар.

- M0 депозиттік ұйымдардан тыс қолма-қол ақша (ҚРҰБ және екінші деңгейлі банктердің кассасындағы қолма-қол ақша шегерілген ұлттық валютадағы айналыстағы банкноттар мен монеталар) ретінде анықталады; - M1 - M0 плюс банкке жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың ұлттық валютадағы аудармалы депозиттері; - кең ақша массасы M2 - M1 плюс ұлттық валютадағы басқа депозиттері және банкке жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері. - Ақша массасы M3 - M2 плюс банкке жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа депозиттерінен тұрады. Жергілікті және аймақтық басқару органдарының депозиттері 2001 жылғы желтоқсаннан бастап ақша агрегаттарының құрамында есепке алынды. - Орталық Үкіметке қойылған таза талаптар (2001 жылғы желтоқсанға дейін Жалпы Үкімет бойынша деректер берілген). - Өзге экономикаға берілген ішкі кредит, қаржы секторына (екінші деңгейлі банктер есепке алынбайды), мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы институттарына жатпайтын ұйымдарға, аймақтық және жергілікті басқару органдарына (2001 жылғы желтоқсаннан бері), үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға және халыққа қойылған талаптардан тұрады. - Депозиттік ұйымдардың таза шетелдік активтері активтер мен міндеттемелер бойынша нақтыланған.Шетелдік позиция ішкі позициядан резиденттік белгілер бойынша өзгешеленеді. - Басқа таза ішкі активтер-басқа қаржы активтері, қаржылық емес активтер, басқа міндеттемелер және капитал шоттары бойынша бөлінген.

Ұлттық Банкте сатуға арналмаған, өтеуге дейін ұстап отырған инвестициялар жәнесатуға арналмаған несиелер мен дебиторлық берешектер және әділ құны шынайы деңгейде жеткілікті түрде анықтала алмайтын, белсенді нарықта нарықтық баға белгілеуі жоқ қаржы активтері есепке алынбаған қаржылық активтер әділ құнмен бағаланады.

Сыртқы нарықтың қаржы инструменттерінің құндық бағалауы бір жұмыс күні бұрынғы қаржы нарығындағы сауда-саттықтың жабылу сәтіндегі белгілеуге (бағаларға) сәйкес Ұлттық Банктегі монетарлық қызметті реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актінде көрсетілген басым тәртіппен қолданылатын дереккөздердің ақпараты негізінде күн сайын есептеледі.

Шетел валютасын есепке алуда Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қор биржасының таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) екі сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.

Қазақастан Қор Биржасында сауда-саттық жүрмейтін шетел валюталары бойынша құндық бағалау, REUTERS және Bloomberg ақпараттық агенттігі каналдары бойынша алынған белгілеулерге сәйкес, бағалау жүргізілетін күні Астана уақытымен 16.00 сағатта қалыптасқан кросс-бағамдарға сәйкес есептеледі.

Қайта бағалау теңгенің шетел валюталарына қарағандағы орташа есептелген биржалық бағамы өзгерген әр жағдайда және айдың соңғы күніне жүргізіледі.

Дүркінділігі

Ай сайын

Уақытылылығы

Есеп берілген айдан кейінгі 25-ші күнге дейін

Жұртшылықтың пайдалануы

Басылымдардың күнтізбегін алдын ала тарату

ҚҰБ статистикалық деректерді жариялау күнтізбегін Интернет торындағы ҚҰБ-нің беттерінде алдын ала таратады.

Барлық мүдделі жақтар үшін бір уақытта жариялау

Монетарлық статистика барлық мүдделі жақтарға ҚРҰБ интернет-ресурсында ашық пайдаланылуға беріледі және «Статистикалық бюллетень» айлық басылымында жарияланады.

Толықтығы

Ресми статистиканың, жеке респонденттердің құпиялылығын есепке алғандағы, тапсыру мерзімдері мен жинау шарттары

Ақша-кредит статистикасын жасау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 7-ші және 8-ші бабтарына және Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабына сәйкес жүргізіледі, ол заңдар «екінші деңгейдегі банктер Қазақстанның Ұлттық Банкінің сұрауы бойынша, өз құзыреті шегінде бағытталған өзінің қаражаттары туралы ақпараттың қайсысында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс қаражаттары туралы да, тартылған депозиттері мен берген кредиттерінің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары және басқа да мәліметтерді, банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қоса, беруге міндетті».

Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 8-ші бабына сәйкес Ұлттық Банктің міндетінің бірі қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату. Респондентер туралы ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабы белгілейді: «Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 501-ші бабы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі» айыппұлдық ықпалшараларды қарастырады.

Үкіметтің деректерді жарияланғанға дейін пайдалана алуын сәйкестендіру

ҚРҰБ-нен тыс пайдаланушылар ресми басылымға дейін деректерді пайдалана алмайды.

Статистикалық басылымдарға министрліктердің беретін түсініктемелерін сәйкестендіру

Мемлекттік басқару органдарының ешқандай түсініктемелері деректердің басылымына қосымша берілмейді.

Әдістемелердегі қайта қаралулар және негізгі өзгерістерді алдын ала ескерту жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету

Ағымдағы кезеңде шоттар қайта сыныпталған жағдайда қайта қаралған тарихи деректерді банктер тапсырмайды. Есепті айдың соңында нақтыланатын және жаңартылуы ескеріліп жарияланатын сыртқы активтер деректерін есепке алмағанда Ұлттық Банк жариялайтын монетарлық статистика,түпкілікті деректер болып есептеледі.
Әдістемедегі негізгі өзгерістер өзгерістер енгізілгенге дейін алдын-ала беріледі.

Сапасы

Статистиканы дайындауда пайдаланатын әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Монетарлық шолуда пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипаттамасы ҚРҰБ интернет-ресурсында таратылады мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылатын «ҚРҰБ-нің Статистикалық бюллетенінде» жарияланады.

Статистикалық кросс-тексерулерді қолдайтын және өзгерістердің кепілдігін қамтамасыз ететін әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Ақша-несие статистикасы бойынша деректер ҚРҰБ интернет-ресурсында орналастырылады және айлық ҚРҰБ Статистикалық бюллетенінде келесі түрде жарияланады: жылдық деректер негізінен соңғы 5 жылдар бойынша және айлық деректер – ағымдағы жыл бойынша.

Деректер келесі түрде бөлініп беріледі:
1) орталық банктің, коммерциялық банктердің ірілендірілмеген баланстары бойынша;
2) клиенттердің депозиттері;
3) клиенттерге берілген кредиттер;
4) депозит пен кредит бойынша проценттік ставкалар.

Тарату нысандары:

Айына 2 рет жарияланатын ақпарат: банктік монетарлық шолу алдымен алдын ала деректер негізінде жарияланады және нақтыланған деректер негізінде (сыртқы активтер бойынша) – есепті айдың соңында орыс және қазақ тілдерінде жарияланады.

Айлық басылымдар:

ҚРҰБ статистикалық бюллетені қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Электрондық нұсқа

www.nationalbank.kz

Талдау негізі, тұжырымдамалар, айқындамалар және жіктеу

Талдау негізі

Монетарлық шолу Ұлттық Банктің, коммерциялық банктердің (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша олар екінші деңгейдегі банктер деп аталады) баланстық деректері негізінде ай сайын жасалады. ХВҚ-ның ақша-несие және қаржы статистикасы бойынша Басшылығының (MMFS) аналитикалық құрылымына сәйкес монетарлық шолуда 2003 жылғы желтоқсаннан 2005 жылғы желтоқсанға дейін кредиттік серіктестіктердің шоттары есепке алынды. 2006ж. қаңтардан бастап кредиттік серіктестіктердің шоттары монетарлық шолуда есепке алынған жоқ, себебі Қазақстан Республикасының заңдарына лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге байланысты кредиттік серіктестіктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілеттігі таралмайды.

Мынадай негізгі агрегаттар пайдаланылады:

Айналыстағы қолма-қол ақшадан М0, шағын ақша массасынан М1, үлкен ақша массасынан М2 және ақша массасынан М3 тұратын ақша агрегаттары.
Ішкі кредит секторлар бойынша бөлшектеу, яғни: орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар, жергілікті және аймақтық басқару органдарына қойылатын талаптар (жалпы Үкімет бойынша деректер 2001 жылғы желтоқсанға дейін ұсынылған), банктік емес қаржылық ұйымдарға қойылатын талаптар, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдарға қойылатын талаптар (тұтастай алғанда қаржылық емес ұйымдар бойынша деректер 2001 жылғы желтоқсанға дейін ұсынылады), коммерциялық емес ұйымдарға, үй шаруашылығына қызмет көрсететіндерге қойылатын талаптар, үй шаруашылығына қойылатын талаптар бойынша. Орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар ашып көрсетіледі, яғни орталық Үкіметке қойылатын жалпы талаптар (құралдар бойынша бөлгенде: кредиттер, бағалы қағаздар және алуға арналған басқа шоттар) және үкімет алдындағы жалпы міндеттемелер (құралдар бойынша бөлгенде: кредиттер, бағалы қағаздар және төлеуге арналған басқа шоттар). Экономиканың басқа секторларына қойылатын талаптар да құралдар бойынша нақтыланған.
Депозиттік ұйымдардың таза шетел активтері резидент еместерге қойылатын жалпы талаптар бойынша еркін айырбасталатын валютада (құралдар бойынша нақтыланған), резидент еместердің алдындағы жалпы міндеттемелер бойынша еркін айырбасталатын валютада (құралдар бойынша нақтыланған) және басқа шетел активтеріне айырбасталатын валютада (жалпы талаптар мен міндеттемелер бойынша бөлу) берілген.
Басқа да таза ішкі активтер – басқа да қаржылық активтер, қаржылық емес активтер, басқа да міндеттемелер және капитал шоттары бойынша бөлу.

Жіктеу

АКҚСН (ақша-кредит және қаржы статистикасына нұсқаулық) талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ақша-кредит саясаты резиденттерге және резидент еместерге қатысты банктердің талаптары мен міндеттері арасындағы айырманы жүргізеді. Қазақстан аумағында жұмыс істейтін «резидент-резидент еместер» айқындамасы Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықта (1993 жылғы 5-басылым) жарияланған айқындамаға сәйкес келмейді. Негізгі ерекшелік экономикалық мүдденің орталығына қатысты. Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықта институтционалдық бірлік осы елде ірі масштабта шаруашылық қызметін және экономикалық операцияларды жүзеге асырған және жүзеге асыруды ниет ететін қандай да бір елдегі экономикалық мүдденің орталығы болады деп есептейді (жеке тұлғалар кемінде бір жыл) .

ҚР-ның «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңына сәйкес резиденттер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұрғылықты жері бар, оның ішінде шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде және оның шегінен тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан жері бар филиалдары мен өкілдіктері болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі ҚР-ның дипломатиялық, сауда және өзге де өкілдіктері.

Резидент еместер «резиденттер» ұғымында аталмаған барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар.

Экономиканың басқа секторларымен жүргізілетін операциялар коммерциялық банктердің (екінші деңгейдегі банктер) және кредиттік серіктестердің АКҚСН-ға сәйкес өзара баланстаушы секторлар бойынша резиденттер (ішкі экономикалық субъектілер) алдындағы талаптары мен міндеттемелері ретінде топталады: орталық (ұлттық) банк, банктік емес қаржылық ұйымдар, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, орталық үкімет, аймақтық және жергілікті басқару органдары, коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсететіндер, үй шаруашылығы. ҚҰБ-нің шолуында кейбір талаптар секторлар бойынша толық жіктелмеген («Статистикалық бюллетеньде» осы талаптар «экономиканың басқа да секторлары» бабы бойынша көрсетілген). Бұдан басқа, ҚРҰҚ (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры) міндеттемелері экономиканың қандай да бір секторы бойынша жіктелмеген.

Ақша-кредит агрегаттарын айқындау

М0 депозиттік ұйымдардан тыс қолма-қол ақша ретінде айқындалады ( ҚҰБ-нің, банктердің кассаларында сақталатын қолма-қол ақшаны алып тастағанда, айналыстағы ұлттық валютаның банкноталары мен монеталары); М1 шағын ақша массасы М0 плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың ұлттық валютада аударатын депозиттері ретінде айқындалады; М2 үлкен ақша массасына М1 плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютада аударатын депозиттері кіреді. М3 ақша массасына М2 плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа депозиттері кіреді.

Деректерді қамту

Институциалдық қамту

Осы ақша-кредиттік шолу ҚҰБ-нің және коммерциялық банктердің баланстарына негізделеді. ҚҰБ-нің және коммерциялық банктердің баланстық есептері Қазақстанда орналасқан бас офистері мен филиалдарының шоттарынан тұрады. Сонымен қоса, ҚР «Валюталық реттеу туралы» Заңында көзделген резиденттік заңнамалық айқындамаға сәйкес Қазақстаннан тыс орналасқан филиалдарының шоттары да коммерциялық банктердің баланстық есептеріне кіреді. АКҚСН-қа және Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықтың (ТБН5) бесінші басылымына сәйкес резиденттіктің экономикалық белгілерін көрсетудегі бұл жүйесіздіктің арқасында қазіргі уақытта коммерциялық банктің шетелдік филиалының операциялары ақша-кредит саласының шоттарында қате есептеуде. Орталық банктің шолуы ҚҰБ-нің Нұр-Сұлтандағы бас офисінің, 17 облыстық филиалдарының шоғырландырылған шоттарын және ҚҰБ-ның шоғырландырылған балансынада есепке алынатын басқа 11 еншілес кәсіпорындарын қамтиды.
Тарату процесіндегі банктердің шоттары депозиттік ұйымдардың талдау шоттарына кірмейді.

Бухгалтерлік есеп ережесі

Бухгалтерлік есеп практикасы

Ұлттық Банкте қаржылық активтер әділ құн бойынша, яғни нақты шығындар бойынша бағаланады. Бағала қағаздар әділ құн бойынша көрсетіледі және сату/өтеу күніне кем дегенде айына бір рет қайта бағаланады. Бағалы қағаздардың құндық бағасы күнтізбелік айдың соңғы жұмыс күнінде және/немесебағалы қағаздарды сату күнінен кейінгі күні қаржы нарығындағы сауда-саттықты жабу сәтінде белгіленген баға белгілеуге (бағаларға) сәйкес жүргізіледі. Бағалы қағаздарды есепке алу автоматтандырылған сәттен бастап бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау күн сайын жүргізіледі. Қазақстан қор биржасы бағалы қағаздар бойынша ресми бағалауды (бағаны) Қазақстандағы айналыс үшін шығарылған ұлттық валютада белгілеген күннен бастап осы бағалы қағаздар құнын қайта бағалау күнтізбелік айдың соңғы жұмыс күнінде немесе осы бағалы қағаздардың сауда-саттығының соңғы күнінде және осы бағалы қағаздарды сату күні ішкі қор биржасында сауда-саттықты жабу сәтінде белгіленген баға белгілеулер (бағалар) бойынша жүргізіледі.

Капиталға инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында сатып алынған бағалы қағаздар сатып алу бағасы бойынша есепке алынады. Иеленудің барлық кезеңі ішінде осындай санаттағы бағалы қағаздардың құны теріс меншікті капиталы бар ұйымдарды қоспағанда, қайта бағаланбайды.

Арнайы және жалпы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру және пайдалануға қатысты. Қаржы жылының соңында немесе қорытынды айналымдар кезеңінде Ұлттық Банктің шығыстары есебінен Ұлттық Банктің күмәнды банктік және банктік емес активтері мен ықтимал шығындарына банктік және банктік емес активтерді жылдық түгендеу нәтижелері туралы Ұлттық Банктің тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының шешімі негізінде арнайы резервтер (провизиялар) құрылады, ал есептік кезеңдегі Ұлттық Банктің бөлінбеген таза кірісі есебінен – жалпы резервтер (провизиялар) құрылады.

Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздар үш санат бойынша есепке алынады: 1) саудаға арналған бағалы қағаздар; 2) сату үшін қолда бар бағалы қағаздар; 3) өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар.

Бағалы қағаздардың алғашқы екі санаты әділ құн бойынша есепке алынады. Ұлттық және шетел валютасындағы осы бағалы қағаздар банктік есепке алу саясатына байланысты (күн сайын, апта сайын, ай сайын және/немесе сату/өтеу сәтінде) сыртқы немесе ішкі қаржы нарығында белгіленген баға белгілеуге (бағаларға) сәйкес қайта бағалау арқылы әділ (нарықтық) құн бойынша есепке алынады.

Ұлттық және шетел валютасындағы осы бағалы қағаздардың үшінші санаты пайыздың тиімді ставкасын пайдалану арқылы амортизацияланған шығындар бойынша есепке алынады. Осындай бағалы қағаздарды қайта бағалау жүргізілмейді.

Қауымдасқан компаниялардың капиталына инвестиция инвестицияларды банк таңдаған есепке алу әдісіне байланысты есепке алынады: - үлестік қатысу бойынша есепке алу, инвестициялар бастапқыда өзіндік құн бойынша есептеледі, сосын инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестордың үлесін сатып алғаннан кейін болған өзгеріспен түзетіледі; - өзіндік құны бойынша есепке алу, инвестициялар бастапқыда өзіндік құн бойынша танылады. Инвестициялардан түскен кірістер мен шығыстар туралы есепте сатып алу күнінен кейін пайда болатын инвеситициялар объектісінің жинақталған таза пайдасынан қандай инвестор қанша дивиденд алатыны көрсетіледі.

Еншілес компаниялардың капиталына инвестициялар банктің таңдаған әдісіне байланысты: - нақты өзіндік құны бойынша; - қатысу үлесіне сәйкес; - немесе жоғарыда атап көрсетілгендей, сату үшін қолда бар қаржы активтері ретінде есепке алынады.

Шетел валютасында көрсетілген баптар ұлттық валютаға теңгенің нарықтық айырбас бағамын пайдалана отырып айырбасталады.

Деректер базасының сипаттамасы

Орталық банк үшін деректердің көзі және басқа депозиттік ұйымдар үшін деректер көзі.

ҚҰБ-нің және ЕДБ-дің монетарлық шолуы олардың ай сайынғы есептерінің негізінде құрастырылады. Комерциялық банктер ай сайын ҚҰБ-ге баланстық есептерді және статистикалық есеп берудің нысандарын ұсынады. ҚҰБ-нің және ЕДБ-дің баланстық шоттары резиденттік белгілері бойынша сыртқы және ішкі активтер/міндеттемелер болып топталады. Ішкі активтер/міндеттемелер экономика секторлары бойынша топталады.

ҚРҰҚ-на тиесілі бағалы қағаздар ҚҰБ-нің бухгалтерлік баланстық есебіне кірмейді, бірақ ҚҰБ-нің шолуындағы айқындықты қамтамасыз ету үшін ТІА бабы бойынша міндеттемелер бөлігінде балансталатын өткізбе арқылы ТІА-ге жеке жолмен енгізіледі.

Есеп жасау практикасы

Бағалау/таңдау

Банктер өзінің жан-жақты баланстық есептерін электронды түрде ұсынады, содан кейін ҚҰБ-нің «Статистика» («Статистика» ААЖ) автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізіледі.

Банктер ұсынған жан-жақты баланстық есептердің деректері кредиттер мен депозиттер бойынша қосымша ақпаратпен бірге автоматтандырылған тоғыспалы салыстырып тексеруге жатады. «Статистика» жүйесі банктер ұсынған деректер арасындағы қандай да бір сәйкессіздіктерді көрсете отырып, қате туралы есепті автоматты түрде енгізеді.

Жан-жақты баланстық есептердің деректері екінші деңгейдегі банктер баланстарының деректерімен салыстырып тексеріледі. Ұлттық Банк жан-жақты баланстар бойынша деректерді қабылдайды және депозиттік ұйымдардың монетарлық шолуын және ақша агрегаттарының есебін жасау үшін шоттарды топтастырады.

Жыл соңына деректер екі рет ұсынылады. Желтоқсанның соңына түпкілікті деректер (қорытынды айналымдарды ескере отырып) жылдың соңындағы аудит ережелері белгілеген деректерге байланысты кейін жасалады. Желтоқсанның аяғына алдын ала деректер желтоқсан айының соңына түпкілікті деректер дайын болғанға дейін депозиттік ұйымдардың шолуын жасау үшін пайдаланылады. ҚҰБ-нің, ЕДБ-дің монетарлық шолуын жасау үшін негіз олардың ай сайынғы жан-жақты баланстары болып табылады.

Орталық банктің талдау шоттары
Жаңарту күні: 2021 Маусым

Қазақстан:
Деректер таратудың арнайы стандарты

Метадеректер

Деректерінің санаты: Орталық банктің аналитикалық шоттары

Байланысатын тұлға:

Абдрахманов Алмат Бахытжанович
Қаржы нарығының статистикасы департаменті
Ақша-кредит статистикасы басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Z05T8F6, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 57«А»

Телефон

8 (7172) 77-55-58

Қамтуы, дүркінділігі және уақытылылығы

Қамтудың ерекшеліктері

Деректер ҚРҰБ-нің баланс шоттарына негізделген ҚРҰБ-нің аналитикалық шоттары бойынша млн.теңгеде беріледі. ҚРҰБ-нің басқаруындағы Ұлттық қордың активтері орталық банктің аналитикалық шоттарына кіреді.

Деректер келесі көрсеткіштер бойынша таратылады:
(1) Тар және кеңейтілген мағынадағы ақша базасы (құрамында: ҚРҰБ-ден тыс қолма-қол ақша, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері, банкке жатпайтын қаржы ұйымдарының аудармалы депозиттері және мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы институттарына жатпайтын ұйымдардың ұлттық валютадағы ағымдағы шоттары).
(2) Орталық Үкіметке қойылған таза талаптар.
(3) Өзге экономикаға берілген ішкі кредит (банктерге, банкке жатпайтын қаржы ұйымдарына, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, үй шаруашылықтарына қойылған талаптарды есепке ала).
(4) Ұлттық Банктің шетелдік активтері мен шетелдік міндеттемелері (Ұлттық Банктің басқаруындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қордың шетелдік активтерін есепке ала).
(5) Басқа таза ішкі активтер – басқа қаржы активтері, қаржылық емес активтер, басқа міндеттемелер және капитал шоттары бойынша бөлінген.

Дүркінділігі

Ай сайын

Уақытылылығы

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 6-ші жұмыс күні

Жұртшылықтың пайдалануы

Басылымдардың күнтізбегін алдын ала тарату

Статистикалық деректерді жариялау күнтізбегі ҚРҰБ-нің және елдің статистика жөніндегі үйлестірүші (ҚР Экономика министрлігі Статистика комитеті) интернет-ресурстарында алдын ала жарияланады.

Барлық мүдделі жақтар үшін бір уақытта жариялау

ҚРҰБ-нің аналитикалық шоттары барлық пайдаланушыларға бір мезгілде жарияланады. Олар ҚРҰБ-ң интернет-ресурсында «Ақша-кредит және банк статистикасы» бөлімінде және ҚРҰБ-ң айлық «Статистикалық бюллетень» ресми басылымында орналастырылады.

Толықтығы

Ресми статистиканың, жеке респонденттердің құпиялылығын есепке алғандағы, тапсыру мерзімдері мен жинау шарттары

Ақша-кредит статистикасын жасау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 7-ші және 8-ші бабтарына және Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабына сәйкес жүргізіледі, ол заңдар «екінші деңгейдегі банктер Қазақстанның Ұлттық Банкінің сұрауы бойынша, өз құзыреті шегінде бағытталған өзінің қаражаттары туралы ақпараттың қайсысында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс қаражаттары туралы да, тартылған депозиттері мен берген кредиттерінің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары және басқа да мәліметтерді, банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қоса, беруге міндетті».

Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 8-ші бабына сәйкес Ұлттық Банктің міндетінің бірі қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату. Респондентер туралы ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабы белгілейді: «Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 501-ші бабы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі» айыппұлдық ықпалшараларды қарастырады.

Үкіметтің деректерді жарияланғанға дейін пайдалана алуын сәйкестендіру

ҚРҰБ-нен тыс пайдаланушылар ресми басылымға дейін деректерді пайдалана алмайды.

Статистикалық басылымдарға министрліктердің беретін түсініктемелерін сәйкестендіру

Мемлекттік басқару органдарының ешқандай түсініктемелері деректердің басылымына қосымша берілмейді.

Әдістемелердегі қайта қаралулар және негізгі өзгерістерді алдын ала ескерту жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету

Ұлттық Банк жариялайтын ҚРҰБ-і бойынша монетарлық шолу деректері халықаралық резервтер және Ұлттық қордың сыртқы активтері туралы ақпараттан басқа түпкілікті болып саналады, олар есепті айдың басында алдын-ала деректер бойынша және есепті айдың соңына - нақтыланған деректер жарияланады. Әдістемедегі барлық елеулі өзгерістер туралы ақапарат жарияланатын кестелерге методологиялық түсініктемелерде және/немесе ескертулерде беріледі.

Сапасы

Статистиканы дайындауда пайдаланатын әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Монетарлық статистикасын жасауға пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипаттамасы орыс, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде шығарылатын «ҚРҰБ-нің Статистикалық бюллетеніндегі» методикалық түсініктемеде жарияланады, сондай-ақ ҚРҰБ-ң интернет-ресурсындағы «Ақша-кредит және банк статистикасы» бөлімінде «Әдіснама» бөлікшесінде.

Статистикалық кросс-тексерулерді қолдайтын және өзгерістердің кепілдігін қамтамасыз ететін әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

ҚРҰБ бойынша монетарлық шолу ХВҚ-ң методологиясына сәйкес құрастырылады (Ақша-кредит және қаржы статистикасы бойынша ХВҚ-ң нұсқаулығы, 2000ж.; Ақша-кредит және қаржы статистикасын құрастыру анықтамалығы, 2008ж.).

ҚРҰБ-і бойынша монетарлық шолу ҚРҰБ-нің интернет-ресурсында, ҚРҰБ-нің айлық Статистикалық бюллетенінде, Ұлттық Банктің баспасөз релизінде, және ҚРҰБ-ң «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» ресми басылымында (тоқсан сайын) жарияланады.

ҚРҰБ-ң «Ақша-кредит және банк статистикасы» бөлімінде жарияланатын жалпы халықаралық резервтер бойынша деректер «Сыртқы сектор статистикасы» бөлімінде жарияланатын халықаралық резервтер және шетел валютасындағы өтімділігі бойынша деректермен сәйкестендіріледі.

Тарату нысандары:

Айына 2 рет жарияланатын ақпарат: Ұлттық Банк бойынша монетарлық шолу және халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың активтері туралы мәлімет алдын ала деректер негізінде – есепті айдың басында және нақтыланған деректер негізінде – есепті айдың соңында орыс және қазақ тілдерінде жарияланады.

Айлық басылымдар:

ҚРҰБ статистикалық бюллетені қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Электрондық нұсқа:

www.nationalbank.kz

Онлайн кеңесші