Қысқаша сипаттамасы:
Оттегіні биохимиялық тұтыну көрсеткіші болып табылатын су айдындарындағы оттегі құрамының деңгейі (БПК), яғни суда болатын органикалық заттардың аэробтық ыдырауы үшін ағзалар тұтынатын ерітілген оттегінің мөлшері және өзендердегі аммоний азотының шоғырлану деңгейі (NH4/NNH4).
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК мамандандырылған қызметі оттегі биохимиялық тұтынуы (ОБТ5) және өзен суындағы аммоний азотының шоғырлануы туралы деректерді қалыптастыру бойынша жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Өзендердің ластану жағдайы стационарлық бекеттерден алынған сынамасын талдау мен өңдеудің нәтижелері бойынша бағаланады. Зерттеулермен республиканың ең ірі өзендері қамтылған.