2021 жылғы тамыз айынан бастап инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу серпініне ие.
Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (17,6%).
2023 жылғы қараша | 2023 жылғы қаңтар-қараша 2022 жылғы қаңтар-қарашаға | ||
2023 жылғы қазанға | 2022 жылғы қарашаға | ||
Қазақстан Республикасы | 115,5 | 131,5 | 114,6 |
Абай | 69,1 | 115,3 | 140,8 |
Ақмола | 81,0 | 84,6 | 105,4 |
Ақтөбе | 104,4 | 137,3 | 111,3 |
Алматы | 102,5 | 141,7 | 114,2 |
Атырау | 109,3 | 117,0 | 100,4 |
Батыс-Казақстан | 111,8 | 122,2 | 122,2 |
Жамбыл | 91,9 | 143,5 | 114,6 |
Жетісу | 131,4 | 83,6 | 113,5 |
Қарағанды | 115,8 | 114,2 | 116,3 |
Қостанай | 96,0 | 104,7 | 107,2 |
Қызылорда | 66,8 | 73,1 | 118,4 |
Манғыстау | 115,0 | 145,7 | 144,0 |
Павлодар | 97,3 | 129,1 | 128,2 |
Солтүстік Қазақстан | 111,4 | 136,9 | 122,3 |
Түркістан | 106,8 | 139,8 | 141,1 |
Ұлытау | 91,0 | 78,5 | 115,5 |
Шығыс Қазақстан | 135,7 | 169,3 | 109,3 |
Астана қаласы | 121,2 | 116,1 | 104,7 |
Алматы қаласы | 194,3 | 234,9 | 119,9 |
Шымкент қаласы | 134,3 | 116,9 | 121,3 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
Негізгі капиталға инвестицияларды игерді | Соның ішінде | |||
Шағын кәсіпорындар | Орта кәсіпорындар | Ірі кәсіпорындар | ||
2021 жылғы қаңтар-қараша | 11 252 093 669 | 6 184 135 935 | 911 407 857 | 4 156 549 877 |
2022 жылғы қаңтар-қараша | 12 670 713 137 | 6 869 400 271 | 616 409 254 | 5 184 903 612 |
2023 жылғы қаңтар-қараша | 15 292 484 053 | 8 209 967 299 | 979 035 102 | 6 103 481 652 |
Жалпы шығындардың 59,6% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2023 жылғы қаңтар-қарашада 11487 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 75,1% - құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14,8% құрады, бұл ретте 2022 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 19,5% ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 2,4% алады.
2023 жылғы қаңтар-қараша | Анықтама: қорытындыға пайызбен | |||
мың теңге | қорытындыға пайызбен | 2022 жылғы қаңтар-қараша | 2021жылғы қаңтар-қараша | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 15 292 484 053 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
қаражаттарды қоса алғанда: | ||||
мемлекеттік бюджеттен | 2 265 466 989 | 14,8 | 14,4 | 14,5 |
меншікті қаражат | 11 487 034 053 | 75,1 | 74,5 | 71,8 |
банктердің кредиттері | 372 187 400 | 2,4 | 2,3 | 2,6 |
одан: | ||||
шетелдік банкттердің кредиттері | 16 587 699 | 0,1 | 0,2 | 0,6 |
басқада қарыз қаражаты | 1 167 795 611 | 7,7 | 8,8 | 11,1 |
одан: | ||||
резидент емес қарыз қаражаты | 397 167 405 | 2,6 | 2,0 | 2,0 |
2023 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (46,1%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына - 27,6%, өңдеу өнеркәсібі - 9,1%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (18,2%), көлік пен қоймаға (14%), ауыл, орман және ба-лық шаруашылығы (5,6%) тиесілі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2022 жылғы қаңтар-қарашаға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | |
Барлығы | 15 292 484 053 | 114,6 | 100,0 |
оныңішінде: | |||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 854 659 603 | 111,3 | 5,6 |
Өнеркәсіп | 7 051 176 441 | 108,5 | 46,1 |
оның ішінде: | |||
кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 4 216 817 205 | 101,4 | 27,6 |
өңдеу өнеркәсібі | 1 394 823 165 | 104,6 | 9,1 |
электрэнергиясымен, газбен,бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 962 205 106 | 157,0 | 6,3 |
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 477 330 971 | 123,8 | 3,1 |
Құрылыс | 164 770 184 | 88,8 | 1,1 |
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 410 553 546 | 133,8 | 2,7 |
көлік және қоймалау | 2 136 677 817 | 158,1 | 14,0 |
тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 120 297 313 | 104,3 | 0,8 |
ақпарат және байланыс | 373 768 573 | 284,4 | 2,4 |
қаржы және сақтандыру қызметі | 95 033 558 | 88,9 | 0,6 |
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 2 778 363 621 | 100,2 | 18,2 |
кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 77 617 955 | 162,2 | 0,5 |
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 142 449 278 | 117,2 | 0,9 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 138 922 384 | 116,2 | 0,9 |
білім беру | 372 410 542 | 117,0 | 2,4 |
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 300 004 075 | 136,2 | 2,0 |
өнер, ойын-сауық және демалыс | 217 262 540 | 117,9 | 1,4 |
өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 58 516 460 | 82,1 | 0,4 |
Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, ав-торлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі