Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    75,09
    Барлық халық – 75,09 жас;
    70,99
    Ерлер – 70,99 жас;
    79,06
    Әйелдер – 79,06 жас;
    75,73
    Қалалық – 75,73 жас;
    74,02
    Ауылдық – 74,02 жас.

    Ең жоғары туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында 72,41 жас.

    Электрондық кесте
    Глоссарий

    Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – осы ұрпақтың бүкіл өмір сүру ұзақтығында әр жастағы өлім-жітім деңгейі көрсеткіш есептелген жылдардағыдай қалған жағдайда, туғандар ұрпағынан орташа есеппен бір адамның өмір сүруіне болатын жылдар саны болып табылады;

    Өлім-жітім – бұл халықтың әртүрлі жастарында орын алған көптеген жекелеген өлімнен тұратын ұрпақтың жойылу процесі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өлім-жітім кестесінің көрсеткіштері жасы бойынша және тіркелген бастапқы санымен кейбір теориялық ұрпақтың өлім-жітімнің әсерінен жасына қарай азаю процесін сипаттау сияқты ұйымдастырылған және өзара байланысты бірқатар сандар жүйесін білдіреді. Өлім-жітімнің кестесі «Өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы» көрсеткішін бағалау үшін құрылады.

    Өлім-жітім кестелерін есептеу үшін бастапқы статистикалық деректер ретінде осы күнтізбелік жыл ішіндегі осы жаста қайтыс болғандар санының осы жастағы адамдардың орташа жылдық санына қатынасы ретінде есептелетін өлім-жітімнің коэффициентері алынады.

    Келесі px жасқа дейінгі өмір сүру ықтималдығы – оның басталуына дейін өмір сүріп жатқандар санынан осы жас интервалының соңына дейін өмір сүріп жатқан адамдар үлесін білдіреді.

    Х жасына жеткен өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы қазіргі өлім-жітімнің әрбір келесі жасын сақтаған кезде осы жасқа жеткендерге алда өмір сүруі қажет жас санын білдіреді.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Қ. Рысбаев
    Тел. +7 7172 749343
    E-mail: k.rysbaev@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші