Халықтың туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75,09 жасты құрады және осылайша соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.
Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың – 2022 ж.) дүниеге келді, оның 51,6% – ұлдар, 48,4% – қыздар. 230,3 мың бала немесе туылғандардың 59% қалалық жерде туылса, қалған 158 мың бала, яғни 41% – ауылдық жерде дүниеге келген.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3 924 қоғамдық кітапхана, 3 069 мәдени-демалыс ұйымдары, 275 мұражай, 230 ойын-сауық және демалыс саябағы, 113 кинотеатр, 74 театр, 43 концерт ұйымы, 11 хайуанаттар бағы және 3 цирк жұмыс істеген.
2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.