Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 17 қарашада сағат 10-00-де, 18 қарашада 15-00-де , Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 85 ғимаратта өтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Шараның мақсаты – статистикалық ақпараттарды пайдаланушыларды Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің статистикалық өнімдерімен таныстыру.