«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ Жамбыл облысы бойынша «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» А-060 (жартыжылдық) статистикалық зерттеу жүргізу үшін Тараз қаласы бойынша 3 адамнан тұратын интервьюерлер (ақылы қызметтер көрсету шарттары бойынша тартылған қызметкерлерді) қабылдайтынын хабарлайды. Зерттеу өткізу мерзімі 2023 жылғы 21-30 шілде аралығы.
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтырып зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18, №123 кабинет мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 54-39-82.