Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Респонденттерге

Респонденттерге!

«Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» АЖ енгізуге байланысты респонденттерге есептілікті электрондық түрде «Респондент кабинеті» https://cabinet.stat.gov.kz арқылы тапсыру мүмкіндігі берілді.

Ол үшін респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) аутентификация құралдарын және электрондық цифрлық қол таңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны алу үшін бизнес-сәйкестендіруші нөмірі (БСН)/ жеке сәйкестендіруші нөмірі (ЖСН) бар заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс.

Аутентификация құралдарын және ЭЦҚ-ны беру ХҚКО-да орналасқан Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Тіркеу орталықтарының тізбесі ҰКО-ның http://pki.gov.kz/index.php/ru/. сайтында қол жетімді.

Алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде (онлайн-режимде) қабылдау қатаң түрде статистикалық нысандарды белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

Алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімдерде ұсына алмаған жағдайда Сіз тіркелеген орныңыз бойынша аумақтық статистика органдарына жүгінуіңіз қажет, мұның өзінде алғашқы статистикалық деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 V Кодекстің 497-бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.

Құрметті респонденттер, біз сіздердің пікілеріңізді аса бағалаймыз, сондықтан статистикалық есептілік нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды Телеграмм бот https://t.me/statgovkz_bot арқылы «Өтінім жасау» бөліміне жолдауларыңызды өтінеміз. Статистикалық нысандарға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша мына телефонға хабарласыңыздар - 1446

online режимде деректерді жинау бойынша ұсыныстарыңызды Ұлттық статистика бюросының республикалық кеңсесінің e.stat@aspire.gov.kz электрондық поштасына жібере аласыз.

Киберқауіпсіздік және ақпараттық гигиена мәселелері - әрбір азамат үшін маңызды
Онлайн кеңесші