Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Кіріспе
Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) - ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық үй шаруашылығын зерттеу бағдарламасы. MICS зерттеуі балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерді жинау мақсатында жүргізіледі.

Бүгінгі күні MICS ТДМ өлшеу үшін 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібі шеңберіндегі деректердің негізгі көзі болып қала береді. Қазақстанда бұл MICS ел Үкіметіне базалық көрсеткіштерді белгілеуге, ТДМ, сондай-ақ ұлттық стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды қоса алғанда, өзінің ұлттық және халықаралық міндеттемелерін орындаудағы прогресті айқындауға және қадағалауға мүмкіндік береді.

Жаңа, 7-раунд MICS Қазақстан үшін стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеу үшін қолда бар деректерді нығайтуға, балалар мен жалпы халықтың жағдайы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, су сапасы мен санитария, үй шаруашылығында энергияны пайдалану, бөлшектелген және кешенді деректерді қамтамасыз етуге, ерте жастағы балалардың дамуы, репродуктивті денсаулық, ересектер мен балалардың дамуының функционалдық ерекшеліктері, ата-аналардың балалардың танымдық іс-әрекетіне қатысуы, оқуға қажетті негізгі біліктілік пен дағдылауға бірегей мүмкіндік болып табылады.

Осылайша, 2023-2025 жылдары Қазақстанда MICS жүргізудің мақсаты балалардың әл-ауқатының деңгейін жүйелі мониторингтеу және балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін балалар мен отбасылардың дамуы мен жағдайының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша шынайы және бірегей ақпарат алу болып табылады.

Онлайн кеңесші