Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    101,4%
    2023 жылғы қаңтарда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 101,4% құрады.
    104,5%
    Өнеркәсіптің негізгі салаларының ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда айтарлықтай өсім байқалды (104,5%).

    Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда өсу көлемі негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіруде, сусындар, темекі бұйымдарында, машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте, мұнайдың өңделген өнімдерінде, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдері өндірісінде белгіленді.

    Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Ақмола, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында байқалды

    Есепті кезеңдегі өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

    2023 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімдері 3653 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында - 1881 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 51,5%), өңдеуде - 1470 млрд. теңгеге (40,3%).

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі
    өткен жылғы сәйкес кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар
    Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
    пайызбен
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсан 2021 жылға 2023 жылғы қаңтар
    2022 жылғы желтоқсанға 2022 жылғы қаңтарға
    Өнеркәсіп 101,1 86,9 101,4
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 99,0 92,4 101,2
    Өңдеу өнеркәсібі 103,4 79,1 101,6
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 99,5 103,0 104,5
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 98,2 79,8 91,2

    Шикі мұнайды (101%), темірді қоспағанда, кендерді (109,1%), өзге де пайдалы қазбаларды (107,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтарда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 101,2% құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 1,6% ұлғайды. Тамақ өнімдері (109,8%), сусындар (133,2%), темекі өнімдері (121,3%), тоқыма бұйымдары (125,5%), мұнайдың өңделген өнімдері (112,8%), химия өнеркәсібінің өнімдері (110,6%), негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру (151%), автомобильдер (127,5%) өндірісі өсті. Сонымен бірге, өндірістің төмендеуі резеңке және пластмасса бұйымдарында - 3,6%, өзге де бейметалл минералдық өнімдерде - 5%, металлургия өнеркәсібінде 7,4% байқалады.

    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі негізінен құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату көлемдерінің 14,3%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 12,2% артуы есебінен ӨӨИ 104,5% құрады.

    Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылғы қаңтарда ӨӨИ 91,2% құрады. Суды жинау, өңдеу және тарату көлемдері 7%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 9,9% қысқарды.

    Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында байқалды.

    Өнеркәсіптік өндірістің индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
    2023ж. қаңтар
    Глоссарий

    Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

    Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

    Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    С. Тілеуберген
    Тел. +7 7172 749774
    E-mail: sy.tileubergen@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші