Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    101,2%
    Қазақстанда 2022 жылы өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 101,2% -ды құрады

    Өндірістің өсуі өңдеу өнеркәсібінде 3,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 0,4% байқалады.

    Өңірлер арасында едәуір өсу Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

    Есепті кезеңдегі өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

    2022 жылы өнеркәсіп өнімдері 48777 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 24926 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 51,1%), өңдеуде 21162 млрд. теңгеге (43,4%).

    2022 жылғы қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
    өткен жылға пайызбен
    2022ж.
    Серпінді кестелер:
    Өнеркәсіптік өндірістің көлемі және индекстері
    Өнiм көлемi, млн. теңге Өнеркәсіптік өндірістің индексі, 2022 жыл 2021 жылға %-бен
    Қазақстан Республикасы 48 777 089 101,2
    Абай 1 225 894 110,1
    Ақмола 1 515 044 113,8
    Ақтөбе 2 827 313 101,2
    Алматы 1 651 714 109,1
    Атырау 13 341 732 98,3
    Батыс Қазақстан 3 924 946 99,5
    Жамбыл 881 373 110,5
    Жетісу 297 398 101,6
    Қарағанды 3 865 350 98,1
    Қостанай 2 470 019 96,0
    Қызылорда 977 985 98,4
    Маңғыстау 3 182 645 101,9
    Павлодар 3 230 474 99,8
    Солтүстік Қазақстан 519 686 104,6
    Түркістан 907 944 93,1
    Ұлытау 1 036 540 103,5
    Шығыс Қазақстан 2 217 699 102,3
    Астана қаласы 1 972 355 103,3
    Алматы қаласы 1 763 728 109,1
    Шымкент қаласы 967 251 106,1

    2022 жылы шикі мұнайды (98,1%), табиғи газды (98,9%), темір кендерді (79,6%) және өзге де пайдалы қазбаларды (96,2%) өндірудің төмендеуіне байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 99,1% құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,6%-ға өсті. Тамақ өнімдер өндіру (106,4%), сусындар (111%), темекі өнімдері (108,9%), мұнайдың өңделген өнімдері (101,8%), химия өнеркәсібінің өнімдері (113,6%), резеңке және пластмасса бұйымдар (104,8%), өзге де бейметалл минералдық өнімдер (102,7%), негізгі асыл және түсті металдар (106,9%), дайын металл бұйымдары (103,6%), машина жасау (110,8%) өнімдерінің өндірісі өсті.

    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату өндірісі көлемінің 1,3%-ға жоғарлауы есебінен ӨӨИ 100,4%-ды құрады.

    Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2022 жылы ӨӨИ 95,8%-ды құрады. Суды жинау, өңдеу және тарату көлемдері – 1,9%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 7% төмендеді.

    Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында белгіленді

    2022 жылғы өңірлер бөлінісіндегі өнеркәсіптік өндіріс индекстері
    өткен жылға пайызбен, өсуі +, төмендеуі –
    2022ж.
    Электронды кестелер:
    Глоссарий

    Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тап-сырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

    Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсет-кіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

    Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    С. Тілеуберген
    Тел. +7 7172 749774
    E-mail: sy.tileubergen@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші