Құрылыс саласы тез өсетін экономикалық салалардың бірі болып табылады және соңғы бес жылда тұрақты оң өсімі бар.
2022 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 6304,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 10,2% есе көп.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен - 77,8%, шетелдік – 21,9% және мемлекеттік - 0,3% орындалды.
Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы Республиканың 18 өңірінде байқалды. Елеулі өсуі Ақмола (39,6%), Алматы (29,1%), Атырау (18,8%), Қызылорда (17,7%), Солтүстік Қазақстан (12,5%) және Ұлытау (на 12,5%), облыстарында, Шымкент қаласында (35,8%) байқалады.
Бұл ретте республиканың 2 аумағында төмендеу байқалады – Маңғыстау (18,5%) және Қарағанды (5,5%) облыстарында.
Орындалғаны, барлығы | 2021 жылға %-бен | Республикалық көлемге %-бен | |
---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 6 304 274 070 | 110,2 | 100,0 |
Абай | 184 281 308 | 107,3 | 2,9 |
Ақмола | 276 073 281 | 139,6 | 4,4 |
Ақтөбе | 246 084 273 | 107,9 | 3,9 |
Алматы | 308 188 758 | 129,1 | 4,9 |
Атырау | 1 168 202 459 | 118,8 | 18,5 |
Батыс Қазақстан | 220 286 879 | 106,3 | 3,5 |
Жамбыл | 229 936 724 | 102,1 | 3,6 |
Жетісу | 141 179 826 | 107,9 | 2,2 |
Қарағанды | 351 059 039 | 94,5 | 5,6 |
Қостанай | 186 929 854 | 104,4 | 3,0 |
Қызылорда | 126 012 638 | 117,7 | 2,0 |
Манғыстау | 212 850 599 | 81,5 | 3,4 |
Павлодар | 289 154 245 | 108,2 | 4,6 |
Солтүстік Қазақстан | 124 396 331 | 112,5 | 2,0 |
Туркістан | 352 712 095 | 105,2 | 5,6 |
Ұлытау | 109 084 059 | 112,5 | 1,7 |
Шығыс Қазақстан | 272 646 492 | 111,6 | 4,3 |
Астана қаласы | 717 883 179 | 108,6 | 11,4 |
Алматы қаласы | 567 878 883 | 106,7 | 9,0 |
Шымкент қаласы | 219 433 148 | 135,8 | 3,5 |
Қазақстан Республикасында 2022 жылы пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 19030,9 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2021 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға азайып, 15666,5 мың шаршы метрді құрады, олардан 9095,4 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6490,8 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 14180 мың шаршы метрді немесе 90,5%-ын жеке құрылыс салушылар, 6781,5 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Оның ішінде салушылармен | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
жалпы алаңы шаршы метрмен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | мемлекеттік меншік | жеке меншік | олардан | шетел меншігі | ||
халықпен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | ||||||
Қазақстан Республикасы | 15 666 527 | 92,6 | 1 278 464 | 14 180 004 | 6 781 502 | 96,0 | 208 059 |
Абай | 340 531 | 104,1 | 48 419 | 292 112 | 107 779 | 81,4 | - |
Ақмола | 625 875 | 105,0 | 17 665 | 608 210 | 321 909 | 78,4 | - |
Ақтөбе | 1 252 272 | 106,0 | 41 875 | 1 203 582 | 737 276 | 104,8 | 6 815 |
Алматы | 790 026 | 105,7 | 23 060 | 766 966 | 647 996 | 101,9 | - |
Атырау | 830 759 | 92,2 | - | 830 759 | 551 744 | 85,0 | - |
Батыс Қазақстан | 621 488 | 105,2 | 76 282 | 534 780 | 262 714 | 95,2 | 10 426 |
Жамбыл | 693 545 | 101,5 | 146 618 | 546 927 | 516 592 | 104,9 | - |
Жетісу | 295 192 | 108,7 | 19 277 | 275 915 | 240 522 | 163,9 | - |
Қарағанды | 594 925 | 102,2 | 43 882 | 551 043 | 156 566 | 118,4 | - |
Қостанай | 448 972 | 100,3 | 47 597 | 395 659 | 177 189 | 97,6 | 5 716 |
Қызылорда | 683 214 | 103,3 | 36 033 | 647 181 | 626 698 | 116,0 | - |
Маңғыстау | 1 055 551 | 85,6 | 5 638 | 1 049 913 | 581 287 | 96,2 | - |
Павлодар | 488 079 | 132,1 | 139 388 | 330 125 | 182 690 | 105,7 | 18 566 |
Солтүстік Қазақстан | 300 829 | 87,1 | 61 535 | 225 740 | 133 695 | 65,4 | 13 554 |
Түркістан | 864 076 | 104,6 | 312 544 | 551 532 | 498 003 | 91,9 | - |
Ұлытау | 62 879 | 77,6 | 23 687 | 39 192 | 30 273 | 81,4 | - |
Шығыс Қазақстан | 320 520 | 116,3 | 34 887 | 285 633 | 98 853 | 82,3 | - |
Астана қаласы | 2 410 093 | 76,6 | 24 252 | 2 314 756 | 74 650 | 82,0 | 71 085 |
Алматы қаласы | 1 914 055 | 72,7 | 13 294 | 1 853 904 | 448 266 | 81,1 | 46 857 |
Шымкент қаласы | 1 073 646 | 106,1 | 162 531 | 876 075 | 386 800 | 87,8 | 35 040 |
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің азаюы Ұлытау (22,4%), Маңғыстау (14,4%), Солтүстік Қазақстан (12,9%), Атырау (7,8%) облыстарында, Астана (23,4%) және Алматы қалаларында (26,7%) байқалады .
Қазақстан Республикасының он төрт облысында тұрғын үйді пайдалануға берудің артуы байқалады. Елеулі өсу Павлодар (32,1%) және Шығыс Қазақстан (16,3%) облыстарында байқалады.
2022 жылғы білім беру және денсаулық сақтау саласында 61839 оқушылар орынына арналған 92 жалпы білім беру мектептері, 5864 орынға арналған 48 мектепке дейінгі ұйымдар және 430 төсек-орынға арналған 3 аурухана, сонымен қатар ауысымына 1477 келушіге арналған 35 амбулаторлық емхана пайдалануға берілді.
Толық ақпарат келесі электрондық кестелерде берілген:
Құрылыс-монтаж жұмыстары - ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы - объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.
Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: