Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    74564047,0 млн.
    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы ішкі өнім көлемі түпкілікті тұтыну әдісімен 74564047,0 млн.теңгені құрады.
    4,9%
    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,9%-ға өсті.
    75546820,3 млн.
    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ өндіріс әдісімен 75546820,3 млн. теңгені құрады.

    Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 982773,3 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 1,3% - құрады.

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ
    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағада, млн. теңге Өткен жылға, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Түпкілікті тұтынуға шығыстар 45 293 181,2 108,0 115,6 60,8
    үй шаруашылықтарының 35 289 707,1 108,1 116,1 47,4
    мемлекеттік басқару органдарының 9 157 349,7 107,7 113,7 12,3
    жеке тауарлар мен қызмет
    көрсетулерге
    4 758 853,1 106,1 112,8 6,4
    ұжымдық қызмет көрсетулерге 4 398 496,6 109,4 114,6 5,9
    үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 846 124,4 105,2 117,0 1,1
    Жалпы қорланым 23 328 272,9 123,4 118,4 31,3
    негізгі капиталдың жалпы қорланымы 19 691 745,2 123,6 117,1 26,4
    материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі 3 636 527,7 - 126,1 4,9
    Таза экспорт 5 942 592,9 - - 7,9
    тауарлар мен қызмет көрсету экспорты 30 180 717,5 103,0 91,2 40,4
    тауарлар мен қызмет көрсету импорты 24 238 124,6 122,6 102,0 32,5
    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім 74 564 047,0 104,9 109,3 100,0
    Өндіріс әдісімен есептелген
    жалпы ішкі өнім
    75 546 820,3 104,9 111,1 -
    Статистикалық алшақтық* 982 773,3 - - -
    *Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 60,8%, жалпы қорланым – 31,3%, таза экспорт – 7,9% құрады.

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ құрылымы
    пайызбен
    2023ж. қаңтар-қыркүйек

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 8,1%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 7,7% өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 8,0%-ға өсуі байқалады.

    Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,4 %-ға өсуді көрсетті.

    Түпкілікті пайдалану әдісімен компоненттердің ЖІӨ НКИ
    өткен жылға пайызбен
    2023ж. қаңтар-қыркүйек
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.

    Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    А.С. Исабекова, Серік Д.Ә.
    Тел. +7 7172 74 97 92
    E-mail: aig.isabekova@aspire.gov.kz;
    d.serik@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші