Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    104,3%
    2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтарға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 104,3% құрады.
    Республика бойынша ҚМИ индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен
    2024 жылғы қаңтар
    Өңірлер бөлінісіндегі және экономикалық қызмет түрлері бойынша ҚМИ

    2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтарға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс(112,8%),көлік және жинақтау (111,4%) және байланыс(110,6%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (100,4%), өнеркәсіп (103,4%) және сауда (103,5%)салалары болды.

    2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтарға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Маңғыстау облысында (96,2%) ,Атырау облысында (98,7%) және Алматы қаласында (99,8%) қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Шығыс Қазақстан (119,8%), Ақтөбе (115,5%) және Ақмола (109,9%) облыстары көрсетті.

    Өңірлер бойынша ҚМИ индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен
    2024 жылғы қаңтар
    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    А.Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші