Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    23 582 637,0 млн.
    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (есепті деректер бойынша) 23582637,0 млн.теңгені құрады.
    5%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5%-ға өсті
    51 847,1 млн.
    ҚР ҰБ орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 51645,1 млн. АҚШ долларын құрады
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2023 жылы қаңтар-наурызда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 4,3%, 5,3% және 7% құрады.

    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 23 582 637,0 105,0 114,9 100,0
    Тауарлар өндіру 8 340 185,4 104,3 104,6 35,4
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 542 781,1 103,5 112,0 2,4
    Өнеркәсіп 6 887 049,4 102,9 104,4 29,1
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 3 041 150,5 100,2 98,5 12,8
    Өңдеу өнеркәсібі 3 374 411,5 105,4 110,1 14,3
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 402 803,4 106,1 106,7 1,7
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 68 684,0 106,7 106,7 0,3
    Құрылыс 910 354,9 115,7 101,5 3,9
    Қызметтер өндіру 13 138 785,0 105,3 122,0 55,7
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 3 798 911,0 111,1 121,6 16,1
    Көлік және жинақтау 1 342 075,8 107,6 109,8 5,7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 227 758,0 102,8 129,7 1,0
    Ақпарат және байланыс 410 940,0 112,0 108,1 1,7
    Қаржы және сақтандыру қызметі 890 258,5 101,5 124,4 3,8
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 1 924 522,9 101,5 129,3 8,1
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 170 842,4 102,6 126,2 5,0
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 515 538,2 101,0 125,1 2,2
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 502 422,2 102,9 118,4 2,1
    Білім беру 941 988,1 102,4 117,5 4,0
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 622 225,7 101,3 128,0 2,6
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 217 904,8 93,7 138,5 0,9
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 554 612,0 102,2 126,2 2,4
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 18 785,4 102,0 120,0 0,1
    Жалпы қосылған құн 21 478 970,4 104,8 114,6 91,1
    Өнімдерге салынатын салықтар 2 103 666,6 107,0 117,9 8,9

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,4% және 55,7% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 29,1% алып отыр.

    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымы
    2023ж. қаңтар-наурыз
    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5%-ға өсті. Құрылыс (15,7%), Ақпарат және байланыс (12%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (11,1%), Көлік және жинақтау (7,6%), Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (6,7%) Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (6,1%), салалары ең көп өсімді көрсетті.

    2023 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ-ге негізгі салалардың қосқан үлесі, п.т.
    2023ж. қаңтар-наурыз

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы 2 тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жалпы ішкі өнімнің НҚИ динамикасы
    2023ж. қаңтар-наурыз
    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2022 жылы (алдын ала деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 380,5 АҚШ долларын құрады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы
    2023ж. қаңтар-наурыз
    Динамикалық кестелер:
    5. Бақыланбайтын экономика

    2021 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,48%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 19,75% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,35%.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көлік және жинақтау (2,92%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (2,77%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (2,54%), ең аз үлесін Қаржы және сақтандыру қызметі (0,08%), Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,08%) және Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,08%) салалары алады.

    Бақыланбайтын экономика динамикасы
    2017 2018 2019 2020 2021
    Тауарлар өндіру 7,64 6,90 5,65 5,19 6,26
    Қызметтер өндіру 21,11 20,12 18,04 15,04 13,49
    Барлығы 28,75 27,02 23,69 20,23 19,75
    Динамикалық кестелер:
    Еңбек өнімділігі

    2021 жылы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 8 423,4 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 0,7% өсуін көрсетті.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Қ.Торғаутова
    Тел. +7 7172 74 95 27
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    Ғ.О. Төребеков
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    g.torebekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші